Байланысты: akhanov k grammatika teoriiasynyn negizderi
§ 5. Грамматикалық бірліктердің (морфема, сөз, сөз тіркесі
жэне сөйлем) табиғатын түсінуге, олардың ара қатысы мен
байланысын айқындауға жэне оларды, бір жағынан, тіркестіріп,
жалғастырып үйымдастыратын, екінші жағынан, бір-бірінен шегін
ажыратып саралайтын қүралдарды айқындауға қатысты бір алуан
грамматикалық үғымдар бар. Олардың қатарына грамматикалық
мағына, грамматикалық форма, грамматикалық тәсіл жэне
грамматикалық категория туралы үғымдар енеді.