бірінен ажыратылуының эрдайым шарт еместігін бұл тілдерге тэн
ерекшелік деп білу керек.
§ 20. Енді көмекші немесе аффикстік морфемалар жайында.
Лексикалык магынаны білдіретін морфема негізгі морфема немесе
түбір морфема деп аталса, грамматикалык магынаны білдіретін
морфема көмекші немесе аффикстік морфема деп аталады. Негізгі
немесе тубір морфемаларда дербестік бар. Олар, мысалы, түркі
тілдерінде дербес сөз ретінде колданыла алады. Ал аффикстік
морфемаларда мұндай дербестік болмайды. Сондықтан да олар
көмекші морфемалар деп аталады. Аффикстік морфемалар
әрқашан сөз кұрамында колданылады. Олар сөзден тыс ешқандай
магынаны білдіре алмайды. Аффикстік морфемалар сөз құрамында
қолданылғанда гана, белгілі бір магынаны білдіреді. Мысалы,
көлшікке деген сөздің құрамындагы аффикстік морфемалар
(-шік,
-ке) осы сөздің жэне т.б. осы сөз тэрізді басқа да сөздердің құра-
мында колданылганда гана, белгілі бір магыналарга ие бола алады.
Сөз кұрамында аталган аффикстік морфемалардың алдыңгысы
(-шік) түбір морфеманы
(көл) нақтылай түсіп, кішірейткіш
магынаны білдірсе, соңгысы
(-ке) багыт м ащ ңасы н білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: