Байланысты: Қ. Бітібаева. Әд.оқыт.иннов.әдіст.техн.
ӘДЕБИ-ТЕОРИЯЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ОҚЫТУ Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын
танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол
көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу
бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем
шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларға
оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік
беріп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не,
оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға
берілетін әдеби-теориялык ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста,
оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір
саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем
әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру - оны
оқытудың басты міндеттерінін бірі. Оқу бағдарламасы, сол бойынша жасалған
оқулықтарды парақтай отырып, әрі осы сыныптардағы оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
оқылатын көркем туындылардың құрамына карай отырып, әр сынып бойынша
төмендегі жүйеде әдеби-теориялық үғым беруге болады деп есептейміз: