2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын
өткізуге арналған «Қазақстан Республикасының аумағында уақытша,
12 айдан кем жүргендер» (шетел азаматтары, азаматтығы жоқ
адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын Қазақстан Республикасының
азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі: біржолғы) санақ парағын толтыру
жөніндегі түсіндірме
1. 2021 жылы Қазақстан Республикасы халқының ұлттық санағын өткізу
кезінде халықты есепке алу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша
2021 жылғы 30 қыркүйектен 1 қазанға қараған түні 00:00 сағат сәтіндегі жағдай
бойынша жүзеге асырылады.
Халықты есепке алу сәтінен кейін қайтыс болғандар 2021 жылы Қазақстан
Республикасы халқының ұлттық санағын өткізуге арналған «Қазақстан
Республикасының аумағында уақытша, 12 айдан кем жүргендер» (шетел
азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, тұрақты негізде шетелде тұратын
Қазақстан Республикасының азаматтары) (индексі 4-В, кезеңділігі: біржолғы)
санақ парағында (бұдан әрі – санақ парағы) есепке алынады. Халықты есепке алу
сәтінен кейін туғандар санақ парағында есепке алынбайды.
2. Санақ парағын толтыру кезінде көрсетілген жауап нұсқаларында тиісті
белгілер қойылады, қажет болған жағдайда цифрлар және (немесе) мәтін
енгізіледі.
Санақтан өтетін үй шаруашылығы шегінде уақытша болмаған, үй
шаруашылығының құрамына кіретін кәмелеттік жасқа толмағандар, іс-әрекетке
қабілетсіз респонденттер үшін санақ парақтарын басқа кәмелеттік жасқа толған
респонденттер немесе осы респонденттердің қорғанышы не қамқоршылары
толтырады.
Егер халықты есепке алу сәтінде әрекетке қабілетсіз респондент үйде
болса, онда ол үшін санақ парағын қорғанышы, егер мамандандырылған
мекемеде болса қамқоршы толтырады.
3. Санақ парағының 1,2,3-сұрақтарында респонденттің дербес деректері
толтырылады.
4. Санақ парағының 9-сұрағында:
1-тармақ бойынша егер келу мақсаты жұмысқа байланысты болса
5
«Жұмысқа байланысты» деп белгіленеді;
2-тармақ бойынша егер респондент Қазақстан Республикасына оқуы
бойынша, оқу практикасынан өту үшін, оқу жобаларын дайындауға ақпарат
жинау үшін уақытша келген болса «Оқуға байланысты» деп белгіленеді;
3-тармақ бойынша отбасылық мәселелерді шешу, көмек көрсету үшін
қысқа мерзімге келу жағдайларында «Отбасылық (жеке) жағдайлар бойынша»
деп белгіленеді;
4-тармақ
бойынша «Қызметтік сапар» респонденттің Қазақстан
Республикасының
аумағында
қызметтік
кездесулерге,
келіссөздерге,
конференцияларға қатысу үшін уақытша орналасқан жерін пайымдайды.
6-тармақ
бойынша
«Пана
іздеушілер
(босқындар)»
Қазақстан
Республикасына пана іздеп келген, сондай-ақ босқынның ресми мәртебесі бар
респонденттер үшін белгіленеді;
7-тармақ бойынша «Транзиттік көшіп-қонушы» басқа елге бара жатқан
жолын жалғастыру үшін мемлекеттің шекарасынан уақытша өтетін, бірақ
халықты есепке алу сәтінде Қазақстан Республикасының аумағында болған
респонденттер үшін белгіленеді;
5. Санақ парағының 10-сұрағында респондентте босқынның ресми
мәртебесі бар болғанда «Иә», мәртебесі болмағанда «Жоқ» жауабы белгіленеді.