Заттың, құбылыстың, ұғымның атауын білдіретін терминдер жеке сөздердің
кірігуі, бірігуі және тіркесуі арқылы жасалып, қолданылады. Мысалы, биокли-
мат, биоиндикация (биос-өмір, индикатор-нұсқаушы), аэропланктон (аэр-ауа,
планктон-адасушы), геоэкология (гео-жер, икос-үй, тұратын жер, логос-білім,
оқу), экологиялық апат, экологиялық зиян, мейлінше шектелген мөлшер, ғалам-
дық ластану. Кейде бір заттың я құбылыстың атауы басқа сөздермен тіркесіп
күрделі термин құрайды: топырақ эрозиясы, қалыпты эрозия, жер асты
эрозиясы, техногендік эрозия, геологиялық эрозия т.б. Терминдерді нақты
ғылым саласында қолданылуына қарай шартты түрде жаратылыстану
ғылымдарының термині, техникалық терминдер, гуманитарлық ғылымдар
термині, саяси-әлеуметтік терминдер және ғылыми-көпшілік терминдер деп
бөлуге болады.
Мәтіннен терминдерді теріп жазып, жасалу жолын түсіндіріңіз. Мәтін
Достарыңызбен бөлісу: |