15
Қазіргі күнгі экологиялық проблемалардың бірі - қышқыл жаңбырлар.
Жаңбыр суы ең таза су болуы керек, бірақ олай емес. Атмосфера құрамына
енген өндіріс қалдықтары - күкірт диоксиді мен азот оксидтері атмосфераға
еніп, ондағы ылғалмен әрекеттесіп, күкірт және азот қышқылдары түзіледі.
Нәтижесінде жерге жауатын қар мен жаңбыр қышқылданады. Қышқыл жаңбыр
деген түсінік осыдан 120 жылдан аса уақыт бұрын қолданыла бастаған, бұл
сөзді ең алғаш рет Британ зерттеушісі Роберт Смит 1872 жылы ендіріпті.
Өкінішке орай, біздің республикамызда жаңбыр құрамын зерттеуге
бағытталған
ғылыми жұмыстар жоқ.
ХХ ғасырдың бас кезінен бастап көптеген елдерде ( Скандинавия, АҚШ,
Солтүстік Европа, Жапония) жауған жаңбырладың құрамында көп мөлшерде
қышқылдар бар екендігі байқалған.
Адам баласы жылу алу үшін көмір мен мазутты жағу кезінде күкірт
ангидриді ауада түзеді. Мәселен, 1 млн. тонна көмір жаққан кезде 25 мың тонна
күкірт бөлінеді екен. Әрине, күкірт жеке элемент күйінде емес, күкірт тотығы
ретінде ауаға шығарылады. Осы газ атмосфераға түсіп оттегімен тотығып, әрі
су буымен қосылып одан күкірт қышқылы түзіледі. Құрамында қышқыл бар
тұмандықтар жауын түрінде биосфераға түсіп, жер бетіндегі тіршілікке қауіпті
зиян келтіре бастайды.
Зиянды заттарға азот оксиді де жатады. Азоттың қосылыстары атмосфераға
көбінесе ормандардағы өрттерден, ірі өнеркәсіп орындарынан бөлінетін заттар
жинақталады. Атмосфераға азот қышқылының 95 пайызы көмір пайдаланғанда
бөлінеді. Оның 40 пайызы - автокөлік, 30 пайызы - электростанциялар, 20
пайызы өндіріс орындарындағы қазба отындардың үлесіне тиеді. Азот
қышқылы табиғатта нитраттарға айналып, жауын құрамында жер бетіне түседі.
2-мәтін
Қоршаған ортаның ауыр металдармен ластануы дүние жүзі ғалымдарын
алаңдатып отырған өзекті мәселелердің бірі. Қазіргі кезде дамыған ауыр
өнеркәсіп пен транспорт, ауылшаруашылығын химияландыру және жалпы
урбанизация биосфераның улы химиялық заттармен ластануына әкелуде. М.М.
Овчаренконың мәліметтері бойынша түрлі түсті металл қорыту заводтарынан
жыл сайын қоршаған ортаға 121500 тонна мырыш, 89000 тонна қорғасын, ал
16
көмір мен мұнай өнімдерін жағудан 36000 тонна қорғасын, 700 тонна мырыш
және автотранспорт газынан 260000 тонна қорғасын бөлінеді екен.
Осындай жолдармен топыраққа түскен ауыр металл иондары өсімдік, жануар
және адам ағзасына, жалпы экосистемаға қауіпті әсер етеді. Сондықтан да ірі
өнеркәсіп орталықтарындағы елді мекендер топырағының, өсімдігінің және су
көздерінің ластануын болдырмау кезек күттірмейтін өзекті экологиялық мәселе
болып табылады. Шығыс Қазақстан облысындағы ауыр өндіріс орындарына
жақын аймақтардағы топырақ құрамында ауыр металдар мөлшері табиғи
мөлшерден тым көп. Мұндай аймақтарда өскен өсімдік
бойында ауыр металдар
концентрациясы қалыпты мөлшерден 2-3,5 есе артық болады.
Көп жылдар бойы ауыр металдармен ластанған топырақта өскен
ауылшаруашылық дақылдарын азық ретінде қолдану адам денсаулығына
зиянды, себебі, ауыр металдар ағзада үнемі жинақталып отырады.
Қоршаған ортаны ластайтын заттардың үлкен тобын сипаттайтын “ауыр
металдар” термині кейінгі жылдары айтарлықтай кең таралды. Ауыр
металдарға Д.И.Менделеевтің периодтық системасының қырықтан астам
металдары кіреді. Ауыр металдарға улылық, мутагендік және канцерогендік
әсері тән.
1980 жылы БҰҰ-ның қоршаған орта жөніндегі бағдарламасы бойынша
басымдылығы күшті ауыр металдар қатарына: Mn, Co, Ni, Cu, As, Cd, Sn, Hg,
Pb кірді.
1990 жылдың басында токсикологтардың ұсынысымен АҚШ-тың қоршаған
ортаны қорғау агенттігі бұл қатарды одан ары көбейтті. Ең улы элементтер
қатарына Cd, Cr, Hg, Pb, Sb, Ni, Al, Be, As, Se енгізілді.
.
Достарыңызбен бөлісу: