Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


құрамына  қарай  түрлерін  топтап  жазыңыз.  Олардың  қай  сөз  табынан



Pdf көрінісі
бет30/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

құрамына  қарай  түрлерін  топтап  жазыңыз.  Олардың  қай  сөз  табынан 
екенін анықтаңыз. 
                                                             
      Қоршаған  ортаның  ластануының  кейбір  түрлері  қазіргі  кезде  ғаламдық 
экологиялық мәселелер туғызып отыр. Олар жер шарындағы  жиі-жиі байқалып 
отырған  «Жылу  эффектісі»,  «Озонның  жұқаруы»,  «Қышқыл  жауындар», 
«Әлемдік жылыну»т.б. 


 
29 
Адам  баласы,  әсіресе,  атмосфера  ауасының  ластану  көздерін  тереңірек  білген 
жөн.  Оның  себебі,  барлық  зиянды  заттар  атмосфера  арқылы  түрлі  химиялық 
қосылыстарға  айналып  газ,  сұйық    немесе  қоспа  түрінде  топырақ,  су  бетіне 
келіп  түседі.  Осындай  бір  зиянды  қосылыс  көміртегі  оксиді  мен  монооксид. 
Жалпы  отын  жаққан  кезде  көміртегінің  екі  газы  түзіледі: көміртегі диоксиді -
улы  емес  және  монооксид  -  улы  газ.  Монооксид  адамның  қанындағы  
гемоглобинмен тез қосылып, зиянды қоспа түзіп, ауру туғызады. 
     Соңғы жылдары атмосферадағы көміртегі оксидтері тез көбейіп өсімдіктерде 
жүретін  фотосинтез процесін жылдамдатуда. Нәтижесінде, көміртегі оксиді он 
жыл  сайын  2%  өсіп  атмосферада    жылу  эффектісін  туғызуда.  Ал  жылу 
эффектісі өз кезегінде жер шары климатының орташа температурасын көтеріп, 
әр  түрлі  экологиялық    апаттардың    (мұхиттардың    көтерілуі,  ауа-райының  
өзгеруі,  шөлейттену,  өрттер  т.б.)  тууына    себеп    болып    отыр.  Мысалы,  ХХ  
ғасырдың    90 жылдары мұндай табиғат құбылыстарының  30%  жеткенін БҰҰ-
ның  зерттеулері  көрсетіп  отыр.  Ол  жағдайда  жер    шарының  орташа 
температурасы    0,1  градусқа,  ал    2050  жылдары  екі  есеге  өсе    түсетіні 
дәлелденген.  Осы  мәліметтерді  жер    компьютерлік  жүйе  арқылы  есептегенде, 
жер шарының орташа температурасы жақын жылдары  1,5-4,5 градусқа  жетуі  
әбден    мүмкін.  Жер    шарының    осылайша    жылып    кетуі  дүниежүзілік 
мұхиттардың  деңгейін  1,5  метрге  көтеріп,  планетамызда  “топан  су”  қаупін 
туғызуы  сөзсіз.  Ал  мұхиттар  деңгейінің  көтерілуі  -  адамзат  үшін  аса  қауіпті 
мәселе.   
      ХІХ  ғасырдың    80  жылдарында  атмосфера  қабатында    озонның  кейбір 
жерлерде  жұқаруы  байқалған.  Мәселен,  1987  жылы  Антарктида    тұсында 
озонның  мөлшері  күрт  азайып,  ол  7  млн.  шаршы    шақырымға  жуық  аумақты 
қамтыған. Осы жағдай 1992 жылы Оңтүстік Америка тұсында  байқалып, оның  
мөлшері 50% жеткен. 
      Осы    жағдайға    байланысты    БҰҰ    жанынан    Ғылыми    кеңес    құрылып, 
«озонның  жұқару»  себебін зерттеу басталды. Нәтижесінде, оның негізгі көзі-
хлорфтор  көміртектік  (фреондар)  қосылыстар  екендігі  анықталды.  Осы 
химиялық  қосылыс  атмосфераға    көтеріліп,  фотохимиялық  ыдырауларға 
ұшырап, хлор тотығын түзеді. Ол өз  кезегінде  озон молекуласын ыдыратып, 
жойып  отырады.  Нәтижесінде  озонның  жұқару  процесі  басталып,  космостан 
келетін зиянды  ультракүлгін, ультрақызыл сәулелердің еркін өтуіне жол беріп, 
бүкіл тіршілік атаулыға қауіп төндіреді. 


 
30 
     Қазақстан  территориясында  озон  қабатының  бұзылуы  космос  полигоны 
орналасқан  Орталық  Қазақстанда  байқалады.  Сол  маңайдағы  жайылымдар 
шөбінің  құрамының  өзгеруі,  сол  жерді  мекендейтін  қарақұйрық  етіндегі 
радиациялық  элементтер  мөлшерінің  шамадан  тыс  көбеюі  озон  қабатының 
бұзылуы мәселесіне тікелей байланысты.     
 
            


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет