37
3. 4. Ғылыми мәтінде етістіктің шақ, рай және етіс категориялары-
ның қолданылуы
Ғылыми мәтіндер көбіне ауыспалы осы шақта жазылады және ІІІ
жақта баяндалады.
Берілген мәтіннің баяндалу ерекшелігіне назар аудара отырып,
ауыспалы осы шақты табыңыз.
Кез келген ғылым саласы сияқты экология да екі аспектіде
қарастырылады. Оның бірі - таным шеңберін кеңейту. Бұл бағытта бірінші
орынға табиғат дамуының заңдылықтарын ашу және оларды түсіндіру
қойылады. Екіншісі - жинақталған білімдерді қоршаған ортаға қатысты
мәселелерді шешу үшін қолдану. Экология маңызының барған сайын артуын-
практикалық маңызы бар бірде-бір ірі мәселе табиғаттың жанды және жансыз
компоненттері арасындағы байланыстарды ескермей шешілмейтіндігімен
түсіндіруге болады. Экологияның практикалық нәтижесі ең алдымен
табиғатты пайдалану мәселелерін шешуден көрінеді. Тек экология ғана
табиғи ресурстарды пайдаланудың ғылыми негіздерін құрай алады. Табиғи
процестердің негізінде жатқан заңдылықтарды ескермеу, табиғат пен адам
арасындағы елеулі қайшылықтарға әкеліп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: