сөйлемдерді теріп жазыңыз.
Мәтінді оқып, келесі кестені толтырыңыз.
Бұрыннан білемін
Енді білдім
Білгім келеді
1.
1.
1.
3. 5. Ғылыми мәтіндердегі сөйлем құрылымы
Ғылыми мәтіндегі ойды нақты, түсінікті, қисынды, жүйелі беру үшін
құрмалас сөйлемдер қолданылады. Мәтінде берілетін мол мәлімет пен
күрделі ой өзара сабақтасып, келесі ойдың жалғастық табуына ықпал етуі тиіс.
Көп ретте ғылыми мәтіндегі ой формулаға, ережеге, анықтама, дәлелдемеге
негізделеді. Мұндай жағдайда құрмалас сөйлемнің құрамындағы жай
сөйлемдердің өзара байланысуы шылаулар арқылы жүзеге асады. Яғни,
шылаудың барлық түрінің (жалғаулықтар, септеуліктер, демеуліктер) атқарар
қызметі мол. Атап өтсек, жалғаулықтардан: мен (бен, пен), да (де, та, те),
және, әрі, не, немесе, я, сондықтан, өйткені, сол себепті, бірақ, алайда,
дегенмен, ал, егер(де), яғни, демек, олай болса, онда; септеуліктерден:
арқылы, туралы, жайында, жөнінде, бойынша, үшін, қарсы, қатар, бірге;
демеуліктерден: ғана (қана), ма (ме, ба, бе, па, пе) т.б. қолданыста жиі
кездеседі.
|