Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған


Жаңа ғасырдағы жаңа ғылым саласы



Pdf көрінісі
бет51/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

                                  Жаңа ғасырдағы жаңа ғылым саласы 
 
  Жаңа  ғасырда  өркениет  әлемі  халық  аузында  «тіршіліктің  тылсым  сыры 
туралы 
ғылым»  аталынған  биология  генетика,  геномика  сияқты  биотехнологиялық 
саланың  келешектегі  мүмкіндіктеріне  қарап,  бірыңғай  бетбұрыстар  жасады. 
Оның  да  өзіндік  себептері  бар.  Адамзаттың  ортақ  үйі  –  ғаламшар  дамыған 
елдердің  өндірістік  қалдықтарынан  жылынып,  жыл  санап  тарылып  келеді. 
Сондықтан  да  әлем  халықтары  бейбіт  қатар  өмір  сүруді,  қоршаған  ортаны 
ластамауды,  ғылым  мен  техниканың    жаңалықтарын    адамдардың  ғұмырын 
сақтап, ұзартуға бағыттағанын дұрыс санайды. 
 
Өткен  уақытты  қайыра  алмайсыз.  Бұл  –  ақиқат  нәрсе.  Десек  те,  ғылыми 
прогресс  қазіргі  уақытта  нақты  адамдық    мүдделерге  қызмет  етуге  қарай 
бетбұрыстар  жасады.  Осы  ретте  біздің  ғалымдарымыз  биотехнологияның 
адамның  ағзасына,  жанына,  тіршілігіне    залалсыз  дәрі-дәрмек  пен    тағамдар 
шығарудағы  тиімділігіне  баса  назар  аудара  бастады.  Бұған  қоса, 
биотехнологияның  керемет  жаңалығы  арқылы  дауасыз  сырқаттарды 
айықтыруға,  жер  бетіндегі  ашыққандарды  тамақтандыруға,  теңіздер  мен  
өзендерді, жалпы жердің бетін  улы заттардан тазартуға мүмкіндігі бар екендігі  
анықталды. 
 
Қазіргі  ғылым  жетістіктерін  нақтылы  өндірісте  қолдану  арқылы  
биотехнологиялық  әдістемелерді  жүзеге  асыру  қажеттігі  туындады.  Жаңа  әрі 
батыл  жобалар  көп  мөлшердегі  қаржыны  талап  етеді.  Бұл  сала  Қазақстан 
мемлекеті  үшін  де  өте  маңызды.  Әсіресе,  өндірістік  қалдықтарды 


 
54 
биотехнологиялық    әдістемелер  арқылы  залалсыздандыра  отырып,  қоршаған 
ортаның  қалыпты  жағдайын  сақтауға  болады.  Қазақстан  –  жері  түрлі  қазба 
байлыққа тұнып тұрған, түрлі дәрілік шөпке, жан-жануарға толы мерейлі өлке. 
 
Соған  орай,  қазіргі  кезеңдегі  биотехнологиялық  әдістемелерді  игеруге 
Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігі  қызығушылық 
танытқаны дұрыс болар еді. Биотехнология, нанотехнология, индустриалды-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет