89
НӘТИЖЕЛЕР және оларды ТАЛҚЫЛАУ. Алынған деректер бойынша
пероксидозаның активтілігіне тұздың әсері генотипке байланысты екені
көрсетілді. Тұздың әсерінен өсуі қатты тежелген "Жетісу" сортының
тамырындағы пераксидоза активтілігі басқа сорттарға қарағанда едәуір
көтерілді. Тұзға төзімдірек "Наз" бен "Қазақстан-4" сорттарының өскіндері
өсе келе фермент активтілігі тамыры мен жапырақта біркелкі өседі. Соның
арқасында олардың стресті физиологиялық реакциялары іске қосылатын
болуы керек. Зерттелген сорттардың бос пролин мөлшері бойынша өзара
айырмашылықтары көп екені байқалады. Бос пролин мөлшері әсерінен
өскіндер де арта түседі. Мұндай құбылыс, әсіресе, "Жетісу" сортында анық
байқалды. "Қазақстан-4" және "Наз" сорттарының өскіндеріне 0,5% NaCl
әсер еткенде тамырындағы пролин мөлшері өзгерген жоқ, жапырақтарында
2,2-2,4 есе өсті. "Жетісу" сортының тамырларында 4-5 есе, жапырақтарында
6-7 есе өсті.
Қорыта айтқанда, тұз туғызатын стресті жеңу үшін әрбір генотиптің
өзіне тән ерекшеліктері болатыны анықталды.
Әдебиеттер тізімі:
1. Строгонов Б.П. Солеустойчивость растений. МГУ. 1987 г. с.355.
2. Регуляция метобализма растений при засолении среды. Алматы.
1985 г. с.285.
3. Кузнецов В.В. Пролин при стрессе. Алматы. 1993 г. с.30.
4. Bates I. S. Rapid determination of free proline forwaters stress studies.
1973. р.209.
Түйін
Бұл жұмыста бидайдың "Жетісу","Қазақстан-4", "Наз" сорттарынң 5, 10,
15 күндік өскіндерінің өсуіне, бос пролин мөлшеріне, пероксидаза
активтілігіне натрий хлоридінің әр түрлі концентрацияларының әсері
зерттелді. NaCl- дың әсері, әсіресе, "Жетісу" сортында жақсы байқалатыны
дәлелденген.
(Түйін орыс және ағылшын тілдерінде де қатар берілуі тиіс.)