Және Редакциялық баспа кеңесі ұсынған



Pdf көрінісі
бет87/91
Дата31.12.2021
өлшемі1,56 Mb.
#21478
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91
Байланысты:
Ғылыми-стиль-кәсіптік-қаз-тілі

 
           Алқалы  жиын  -  ғылыми  стиль  жанрларының  ауқымды  және 
күрделі  түрі.  Ауқымды  болатын  себебі    -  оған  көптеген    қоғамдық  ұйым 
өкілдері,  ғылым  адамдары,  қоғам  қайраткерлері  де  қатысып,  онда  өз 
пікірлерін  ортаға  салатын    қоғамдық  салмағы  бар,  өзекті  мәселе 
қарастырылады. Күрделі болатын себебі - алқалы жиын ерекше дайындықты 
қажет  етеді  және  оны  ұйымдастыру  мен  өткізудің  өзі  бірнеше  кезеңнен 
тұрады: 
-  алқалы  жиынның  тақырыбы  нақтыланып,  оны  ұйымдастырушы  топ 
бекітілуі тиіс; 
-  алқалы жиынның бағдарламасы жасалуытиіс; 
-  алқалы  жиынға  қатысушылар  мен  оның  қонақтары  нақтыланып,оларға 
шақыру қағазы дайындалуы тиіс; 


 
96 
  -  бағдарламаға  енгізілген  мәселелер  бойынша  баяндамалар  тіркеліп, 
олардың тезисі жасалуы тиіс; 
-  алқалы  жиынды  өткізетін  және  қорытынды  сөз  сөйлейтін  жетекші 
тағайындалуы тиіс; 
-  алқалы  жиынға  қатысушыларды    мамандығы,  ғылым  саласына 
байланысты  әр  түрлі  топтарға  бөлуге  болады  (эколог,  заңгер,  қоғамдық 
ұйым өкілдері, студенттер т.б.). 
-  алқалы  жиынның  өту  барысында  әр  түрлі  пікірсайыстар,  сұхбаттар, 
тренингтер ұйымдастыруға болады; 
-  алқалы  жиынның  соңында  қаралған  мәселеге  байланысты  әр  топтың 
ұсыныстарын ескеріп,қорытынды жиын өткізілуі тиіс; 
- алқалы жиын өткендігі туралы ұйымдастырушы топ есеп беруі тиіс. 
      Алқалы  жиынға  қатысушы  жетекші  мамандармен,  ғылым  және  қоғам 
қайраткерлерімен  ұйымдастырылған  сұхбат  жиынның  мақсатын  айқындап, 
мазмұнын  аша  түседі.  Сұхбаттың  қаншалықты    тартымды,  мазмұнды 
өтетіндігі сұхбатты ұйымдастырушыға тікелей байланысты. 
 
     Сұхбат алушыға қойылатын шарттар:  
 -  сұхбат  алушы  өзіне  қажетті,  өзін  қызықтыратын  мәліметті  нақтылап 
алуы тиіс;  
 -  қоятын сұрақтарын жүйелеп алуы тиіс;   
 -      қойылатын  сұрақтар  өзара  қисынды  сабақтасып,  ой  жалғастығын 
сақтауы тиіс;   
 -  сұрақ мазмұны тақырыптан ауытқымауы тиіс;  
 - сұрақ қоюшы этикалық принциптерді ұстануы тиіс т.б.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет