Дәріс модуль Отандық мәдениет тарихы Тақырып Қазақстан көшпелілерінің мәдениеті Сұрақтар 1



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата31.12.2021
өлшемі414,01 Kb.
#21524
1   2   3   4
Байланысты:
6 Дәріс Нед 8

Көне  жазулар. Қазақ  жерінде  жазу-сызу  сақ  дәуірінен  бастап  пайда 

болған  сияқты. 1960 жылы Ертіс  өзенінің оң  қанатынан  табылған  б.з.д. V—

IV ғасырларға жататын сақ дәуірінің марал сүйегінен жасалған тұмарда жазу 

болған.  Оны  ғалым Алтай  Аманжолов оңнан  солға  қарай "Ақ  сықын" — "Ақ 




марал" деп  оқыған. 1970 жылы Есік  қаласының түбінен  табылған "Алтын 

адамның" қабірінен  жазуы  бар  күміс  тостаған  шықты.  Тостағанның 

сыртында  екі  жолға  жазылған  26  таңба  бар.  Олар  бір  жағынан,  көне 

түркілердің 

руникалық 

жазбаларына 

ұқсас, 


екіншіден, Жерорта 

теңізі төңірегіндегі 

көне 

алфавиттік 



таңбаларға, әсіресе грек, арамей 

әріптеріне ұқсас.  Оны  да  А.Аманжолов  көне  түркі  тілі  сияқты  оңнан  солға 

қарай  оқыған.  Жазудың  мазмұны  мынадай  екен: "Аға,  саған  (бұл)  ошақ! 

Бөтен  (жат  ел  адамы)  тізеңді  бүк!  Халықта  азық-түлік  (мол 

болғай!)!" Зерттеушінің пікірінше, бұл сақ дәуірінде түркі тілінде жазылған, 

яғни  бұдан  2500  жыл  бұрын  түркі  тілдес  сақ  тайпалары әліпбиін жазуды 

білген. Өткен  ғасырдың  60-жылдары Іле өзенінің  оң  жағасындағы  Тайғақ 

шатқалынан  көне  тибет  жазуы,  көне  грек  әліпбиіндегі  жазу  табылды. 

Ғалымдардың  пікірінше, грек  алфавитімен жазылған  жазудың  сыртынан 

айналдыра  тибет  жазуын  жазған.  Жазуды  грек  әліпбиін  білетін  буддалық 

монах жазған болуы керек. Қарлұқтар заманында (VIII ғасыр) Жетісу жеріне 

келген тибеттіктер тау-тасқа өздерінің буддалық дұғаларын ойып жазған. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет