Дербескомпьютерлерді сертификациялау – бұл нормативтік
құжаттардың талаптарына ДК сәйкестігін белгілеу. Осы үрдіс жасаушы
немесе жеткізуші немесе пайдаланушыға тәуелсіз сертификациялау
органымен орындалады.
ДК нормативтік құжаттарға сәйкестік фактісін растау немесе белгілеу
үшін оларды осындай жұмыстарды өткізуге құқығы белгіленген тәртіпте
аккредиттелген
мамандандырылған
зертханаларда
сертификациялық
сынаудан өткізеді.
Ресей Федерациясында өнімді, оның ішінде ДК сертификаттау бойынша
жұмыстарды
ұйымдастыру
және
жүргізу
07.02.1992
№
2300-1
«Пайдаланушылар
құқығын
қорғау
туралы»
Заңымен
(13.07.2015
қолданыстағы редакция) және 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 184-ФЗ
«Техникалық реттеу туралы» Федералды заңмен реттеледі. Олар екі
сертификацияны қарастырады: міндетті және ерікті.