Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет18/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   233
Байланысты:
foreign 638

Жұмыс  креслосы.  Жұмыс  орындығы  еркін  қозғалатын,  табаны  жағында 
айналатын,  биіктігі  бойынша  өзгеріп  отыртын,  одан  басқа  арқа  жағының 
еңкею  бұрышын  өзгерте  алатын  мүмкіндігі  болуы  керек  (отырғышы  да 
осындай  болса  тіпті  жақсы),  сондай-ақ  арқалықтан отыру орнының алдыңғы 
шетіне дейін қажетті қашықтықты орната алатын кресло болғаны жөн.     


 
 
 
22
 
Кресло каптауышы  төзімді  ғана  емес, ұзақ физикалық  әсерге  берік, сонымен 
қатар  гигиеналық  болуы  керек,  яғни  жұмыста  ыңғайлы  және  денсаулыққа 
зиян келтірмейтін материалдан жасату қажет. 
Орындықтың  мінсіз  биіктігі  –  аяқтардың  табандары  еден  үстінде  толық 
қонуы,  ал  тізенің  бүгілу  бұрышы  шамамен  90°  құрайды.  Орындықтың 
шетінде  жұмсақ  дөңгелектелген  астына  қараған  шеті  болғаны  өте  маңызды. 
Ол қан тамырларына қысым келтіруден және қан айналымының бұзылуынан 
сақтайды.  
Денсаулығы  мықты  адамның  омыртқасы  интеграл  белгісіне  ұқсайды. 
Сондықтан,  осы  қалыпты  сақтау  үшін  кресло  арқалығы  тиісті  формада 
болғаны  жөн.  Бұл  өте  маңызды  зат.  Егер  бел  жағында  шығыңқылығы  жоқ 
қарапайым орындықта отыруға тура келсе, осы мақсаттар үшін жұмсақ шағын 
жастық  қолдану  ұсынылады.  Кресло  алқалығы  мен  орындық  арасындағы 
бұрыш  90°  сәл  көбірек  болғаны  жақсы.  Кейде  орындықтар  арқалық  және 
отыру  орнының  еңкею  бұрышын  бірмезгілді  өзгертуге  мүмкіндік  беретін 
арнайы  тетігімен  жабдықталады,  бұл  жерде  омыртқа  дұрыс  қалпында 
сақталады. Егер орындық арқалығы арқаның төменгі жартысын ғана ұстағаны 
жақсы, бұл ретте жұмыс процесінің қозғалысына кедергі болмауы керек.  
Дұрыс  мүсін  мойын,  қол,  аяқ  және  арқа  ауруларының  алдын  алу  үшін 
қажет.  Жұмыс  орнын  ұйымдастыру  кезінде  мүсіннің  оптималдығын 
қадағалаған  жөн. Бір қалыпта  ұзақ отыру бұлшықеттердің демалусыз  жұмыс 
істеуін  қажет  етеді.  Демалыстың  жеткіліксіздігінен  немесе  қалыптың 
өзгермеуінен  бұлшықеттерде  өнімнің  ыдырауы  жиналады,  олар  кейіннен 
қақсауы  мүмкін.  Өнімнің  ыдырауы  мен  бұлшықеттерді  қоректендіру  үшін 
қалыпты  қан  айналымы  қажет.  Дене  қалпының  әрбір  жарты  сағат  сайын 
шамалы  өзгеріп  отыруы  бұлшықетке  түскен  түскен  салмақтың  басқа 
бұлшықеттерге ауыстырып отырады, бұл өз кезегінде бұлшықеттерге демалыс 
береді де қорек заттарымен толықтырады.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет