97
Интерфейс VGA интерфейсі бейнежазба көрінісін іс жүзінде бұрмаланусыз
жоғары сапада жеткізуге мүмкіндік береді. Жалғағыш ретінде әдетте HD D-
Sub 15 pin қолданылады.
Негізгі кемшілік кескіндеудің сандық құрылғыларының (LCD-
мониторлар, плазмалық панелдер, проекторлар) қосылуы кезінде сапаны
жоғалтуға алып келетін екілік түрлендіру сигналын аналогты түрде немесе
керісінше қабылдау қажеттілігімен байланысты. Жалғастырғыш тетік
көмегімен (1.49-сурет) мұндай мониторды графикалық картаның DVI-I (DVI-
integrated) шығыстарына қосуға болады.
DVI
(Digital Visual Interface) – бейнежазба сигналын сандық түрде тарату
үшін
қолданылатын
мониторға
арналған
интерфейс
(1.50-сурет).
Бейнежазбаны тарату сандық түрде жүзеге асатындықтан кескіндер әртүрлі
бұрмаланусыз таратылады. Кескіндеудің сандық құрылғыларында бейнежазба
көріністерін таратуға ЖК-мониторлар мен проекторлар сияқты құрылғылар
белгіленген. Заманауи графикалық карталар екі монитормен жеңіл
орындалады (1.51-сурет).
DVI үш түрі бар: DVI-A – тек қана аналогты тарату, DVI-I – аналогты
және сандық тарату, DVI-D – тек сандық тарату.
1.49-сурет. DVI-VGA адаптер 1.50. DVI интерфейсі
1.51-сурет. Екі DVI порттарымен графикалық
карта
98
DVI-D интерфейсі өте сирек кездеседі. Ол тек сандық қосылуларға
мүмкіндік береді (аналогты мониторды қосуға мүмкіндігі жоқ).
Ethernet
– компьютерлік желілерде мәліметтер таратуда кең таралған
технология; іс жүзінде барлық заманауи компьютерлер Ethernet
интерфейсімен жабдықталған. Оның көмегімен үй компьютерін үй жергілікті
желісіне қосуға және компьютердің қатқыл дискісінде сақталған суреттер,
бейне фалдарды қарап шығуға MP3 үлгісіндегі музыкаларды тыңдауға
болады. Үй кинотеатрында Ethernet интерфейсі ретінде әдетте RJ-45
жалғағышы бар Ethernet 10/100BASE-T қолданады (1.52-сурет). Желіде көп
жағдайда бұралмалы жұпқа арналған жалғағыштар пайдаланылады. RJ45
ашасы «ыстық» қосылуға рұқсат береді.
Ethernet кабелдерін екі түрге бөлуге болады:
■
компьютерді концентраторға немесе коммутаторға қосуға арналған
Достарыңызбен бөлісу: