Ерекшеленген интерфейстер
адаптердың (контроллер) бір портына
(қосылу нүктесі) тек қана бір құрылғыны қосуға мүмкіндік береді; қосылатын
құрылғылар саны порттар санымен шектелген. Мысалдар – СОМ-порты,
VGA-монитор интерфейсі, AGP порты, Serial SCSI интерфейсі.
Ажыратылатын интерфейстер
адаптердың бір портына көптеген
құрылғыларды қосуға жағдай туғызады. Физикалық қосу нұсқалары сан
алуан: шина (PCI сияқты қатты; IDE/ ATA кабельдік шина), құрылғылар
тізбегі (daisy chain) (SCSI, IEEE 1284.3), хабтардағы (USB) немесе
кіріктірілген қайталауыштағы (IEEE 1394, FireWire) логикалық шиналар.
93
Интерфейстерге порттар, шиналар, желілік интерфейстер жатады.
Интерфейстерді сыртқы және ішкі деп бөлу қабылданған. Сыртқы
интерфейстер. Жүйелік блоктан тысқары орналасқан компонеттер мен
периферийлерді қосуға арналған. Сыртқы интерфейстердің арасында
компьютерлік жүйенің міндетті компоненттеріне қызмет көрсететін топты
ерекше бөліп көрсету керек: монитор,пернетақта, тінтуір. Басқа сыртқы
интерфейстар «периферия» түсінігімен біріктірілген қосымша сыртқы
құрылғыларға қызмет көрсетеді. Типтік сыртқы интерфейстерге келесілер
жатады:
■
Мониторлар мен теледидарларды қосуға арналған бейнекарта порттары;
■
Пернетақта мен тінтуірге арналған PS/2 порттары;
■
шина мен USB порттары;
■
СОМ тізбекті порттар;
■
LPT параллель порттар;
■
FireWire тізбекті порт;
■
RJ45 желілік порт;
■
Телефон желісіне арналған RJ11 модем порты;
■
аудиоинтерфейс порттары.
Компьютердің көбірек қолданылатын сыртқы интерфейстері: USB 2.0,
USB 3.0, PS/2, IEEE1394, S/PDIF, Jack 3.5, eSATA, RJ-45, HDMI, D-
SUB(VGA), DVI-D, DVI-I, LPT, COM, Thunderbolt. Ереже бойынша, сыртқы
интерфейстер аналық тақтада орналасады және жүйелік блоктың артқы
тақтасына шығарылған. Аналық тақтаның артқы тақтасынан басқа сыртқы
интерфейстер шығару панельдерінде және қосымша контроллерларда
орналаса алады. Периферияны қосу үшін арналған сыртқы интерфейстерді
толығырақ қарастырайық.
USB
(Universal Serial Bus) – әмбебап тізбекті шина. Бір USB арнасына
127 сыртқы құрылғыға дейін тізбектеп қосуға болады. Қазіргі заманғы аналық
тақталарда әдетте контроллердағы USB екі арнасы болады. USB шинасы
бойынша деректер алмасу ең көп өткізу қабілеті 12 Мбит/с кезінде USB 1.1
стандарты үшін дестелі режимде өтеді, Hi-Speed USB 2.0 үшін 480 Мбит/с
және SuperSpeed USB 3.0 үшін 5 000 Мбит/с. USB шинасы тінтуір,
пернетақты, қолайлы қатты диск, сандық камера, VoIP-телефон (Skype)
немесе принтер (1.42-сурет) секілді сыртқы шеткері құрылғыларды
компьютерге қосу үшін арналған. USB құрылғыларды қорек көзімен
қамтамасыз етеді, сондықтан олар интерфейстен қосымша қорексіз жұмыс
жасай алады.
Бары USB-жалғауыштардың үш түрі болады.
■
« A типті» жалғауыш – әдетте ДК-да болады;
94
1.42-сурет. Жалғауышқа қосылу 1.43-сурет. « A типті» USB және
«B
типті»
жалғауыштар
■
«В типті» жалғауыш – әдетте USB-құрылғының өзінде болады
(егер кабель алмалы болса) (1.43-сурет);
■
мини-USB жалғауышы – әдетте сандық видеокамералармен, сыртқы қатты
дискілермен және т.б. қолданылады (1.44-сурет).
Достарыңызбен бөлісу: |