Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет119/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   233
Байланысты:
foreign 638

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ 
 
1. 
Арнайы,  әмбебап,  ерекшеленген  және  ажыратылатын 
периферийлік 
интерфейстердің 
бөлінуіне 
талдау 
жасаңыздар және пікір білдіріңіздер. 
2. 
Периферийлік  құрылғыларға  қосылуға  арналған  сыртқы 
интерфейстердің  жиынтық  кестесін  құрыңыз  және  онда 
құрылғы атаулары мен сәйкес интерфейстерін жазыңыз.  
3. 
ДК  корпуында  орналасқан  ішкі  интерфейстерді  атаңыз 
және сипаттама беріңіз. 
 
ПЕРИФЕРИЙЛІК  ҚҰРЫЛҒЫЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
ЕРЕЖЕЛЕРІ 
 
Компьютерлер  мен  периферийлік  құрылғыларға  ұқыпты  қарау  керек. 
Тасымалдау  кезінде  ең  жақсысы  оларды  қорапшаға  салып  және  олардың 
мұқият  бекітілгеніне  көз  жеткізу  керек.  Компьютерді  онда  дұрыс  жұмыс 
істемей қалуы мүмкін электрондық қана емес, сонымен қатар  механикалық 
компоненттері бар болғандықтан бірбеткей жазықтыққа орналастыру керек.    
Құрылғыны  кабельден  ажырату  кезінде  сымды  емес  жалғағышты 
ұстаған жөн. Жалғағышты көзге жалғау кезінде күш қолданбау керек. Егер 
жалғағыш пен көз түйіспейтін болса олардың бір біріне сәйкес келетіндігіне 
көз жеткізу керек. 
Егер  компьютерге  USB-құрылғыныдан  басқасын  қосатын  болсақ,  онда 
міндетті түрде компьютерді және өзіне қосылатын құрылғыны өшіру керек! 
Егер  орнатылған  тұрақты  яғни  жүйелік  блоктың  ішіндегі  (мысалы, 
қатқыл  диск)  құрылғыны  ажырататын  болсақ,  компьютерді  міндетті  түрде 
өшіру керек! 
Компьютедің тиімді жұмыс істеуі үшін мониторды дұрыс пайдалану 
маңызды орын алады. Оны жанынан емес тура бұрыштан экранға 
қарайтындай етіп бұрған жөн. Жарықтығы мен кереғарлығын ретке келтіру,  
терезе мен шамнан жарық дақтарының түсуін болдырмау. 
 
1.12. 


 
 
 
105
 
 
 
1.68-сурет. Пернетақтаны тазалау 
 
 
Компьютерді  тек  қана  жерленген  розеткаға  жалғауға  кеңес  беріледі. 
Жүйелі түрде құрылғыны аптасына бір рет сүртіп отыру керек.  
Монитор,  жүйелік  блок,  пернетақта  және  периферийлік  құрылғыны 
құрғақ шүберекпен, ал неғұрлым әсер алу үшін арнайы тазалайтын сулықпен 
сүрту керек.  Корпус пен мониторды тазалау үшін аэрозоль, еріткіштер және 
түрпілі  материалдарды  қолдануға  болмайды.    Корпус  немесе  монитордың 
ішіне былғаныш пен ылғал кіруіне жол бермеу керек. Қажетіне қарай шағын 
шаңсорғышты қолдану керек. Компьютерлік USB-шаңсорғыш компьютердің 
пернетақта, жүйелік блок, монитор және т.б. тазартуға арналған (1.68-сурет). 
Монитордағы, жүйелік блоктағы және басқа құрылғылардағы желдеткіш 
саңылаулар  ашық,  еш  нәрсемен  жабылып  қалмауы  керек,  өйткені  бұл 
саңылаулар  ауа  алмасуын  қамтамасыз  етеді  және  техниканы  қызып  кетудің 
алдын алады.    
Тамақ өнімдері мен сусындарды компьютерден алыс ұстаған жөн, себебі 
олардың  түсіп  кетуі  техниканың  істен  шығуына  алып  келуі  мүмкін.  Қысқа 
тұйықталудың алдын алу үшін ажыратқыш, ауыстырып-қосқыш, кернек пен 
басқа да реттегіштерге ылғал тигізуге жол бермеу керек.  
Принтер  берік  бірбеткей  жазықтықта  орналастырылуы  керек  және 
әртүрлі  вибрация  және  соққыға  ұшырамауы  керек.  Принтердің  орналасқан 
жері тура күн сәулелерінен, жылу көздерінен, ылғал мен шаңнан қорғаныста 
болуы  керек. Принтер орналасқан жерді қоршаған орта темперетурасы + 10 
°С  -тан    +  32,5  °С  -ге  дейін  болуы  керек,  қатысты    ылғалдылық 
конденсациясыз 20 

дан 80 % -ға дейін болады.  


 
 
 
106
 
Принтердің  электрлік  қоректенуі  айнымалы  тоқ  желісінен  50  Гц  (±1Гц) 
жиілікпен, 220 В (±10 %) кернеумен жүзеге асады.    
Үздіксіз қорек көзіне (ҮҚК) қосылу үшін қажет: 
■ 
ҮҚК  алдыңғы  панеліндегі  қуат  көзіне  қосу  батырмасын  басып,  оны  5с 
бойында  (ҮҚК    серверлері  үшін  3  с  жеткілікті)    ұстап  тұру.  PLUS  
фирмасының  ҮҚК-де  ажыратқыш  ҮҚК-нің  артқы  панелінде  орналасуы 
мүмкін және батырма ретінде емес ажыратқыш ретінде орындалады
■ 
 ҮҚК-нің жұмыс режиміне  өтуін күту  (лампочка со знаком  «~»  белгіленген 
кішкене  шам  бірдей  жасыл  түспен  жануы  керек  және  ҮҚК-нен  ешқандай 
дыбыс шықпауы керек). 
ҮҚК ажырату үшін қажет: 
■ 
ҮҚК алдыңғы панеліндегі батырманы басып, оны 5с бойы ұстап тұру  (ҮҚК 
серверлері үшін 3 . .. 4 с жеткілікті). PLUS  фирмасының ҮҚК-де ажыратқыш 
ҮҚК-нің  артқы  панелінде  орналасуы  мүмкін  және  батырма  ретінде  емес 
ажыратқыш ретінде орындалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет