23
Көшіру-көбейту аппараттарымен жұмыс жасау жұмысшыға кері әсер
етуіне байланысты зиянды және қауіпті өндіріс факторлары жұмыстар
санатына жатқызылған. Осындай жұмыстар кезінде мынадай зиянды
өндірістік факторлардың:
■
физикалық – ульрафиолетті сәулелену деңгейінің артуы, электр тоғымен
зақымдануы, мәжбүрлі қалып, көру анализаторларының қатты күшейтуі;
■
химиялық – жұмыс зонасындағы ауаның құрамында озон, азот тотығы,
ацетон, аммиак, селенисті сутегі, эпихлоргидрин сияқты зиянды
заттардың көбеюі әсер етуі мүмкін.
Көшіру-көбейту техникаларымен жұмыс жасауға арналған үй-жай
жылыту және ауаны кондициялау жүйелерімен жабдықталуы қажет. Бір
жұмыс орынға үй-жайдың алаңы 6 м
2
кем болмауы керек. Қабырға мен
аппарат шетінің ара-қашықтығы – 6 м., ал қызмет көрсету жағынан – 1 м. кем
болмауы тиіс. Барлық көшіру-көбейту аппараттарында белгіленген тәртіпте
алынған гигиеналық сертификаты болуы қажет.
Жабдықтың дұрыс істемеуі кезінде көшіру-көбейту техникаларын
желістен сөндіру және жұмыс басшысына хабарлаған дұрыс.
Жазатайым оқиға кезінде жәбірленген немесе жазатайым оқиғаның басы-
қасында болған құрылымдық бөлімшенің басшысына тез арада хабарлауы
керек. Көшіру-көбейту техникасының жұмыс процесінде жабдықтарды
пайдалану бойынша нұсқаулыққа сәйкес жұмыс тәртібін сақтау, жұмыс
орнын таза ұстау қажет.
Достарыңызбен бөлісу: