Оқулық «Федералдық білім беруді дамыту институты»



Pdf көрінісі
бет183/233
Дата31.12.2021
өлшемі8,99 Mb.
#21590
түріОқулық
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   233
Байланысты:
foreign 638

Назар  аударыңыз!
  Ноутбукты  қандай-да  бір  «ашу»  алдында  сөндіру 
керек!  Ұйқы режиміне ауыстыру емес, сөндіру қажет! 
Ең  алдымен  ЖЖҚ  модулінің  қақпағын  ашу  керек  (сур.  3.23).  Ол  үшін 
крест тәрізді бұрағыш қажет. 
Қақпақтың  астында  ЖЖҚ  тек  бір  ғана  модулі  болады  (сур.24).  Екінші 
слот AMR-модемды орнатуға арналған. 
Жедел  жадының  модулін  шешіп  алу  үшін  модульдің  жақтарында 
орналасқан кішкентай фиксаторларды жан-жаққа ажырату керек.  Содан соң 
модульді алып шығу керек (сур. 3.25). 
Модульді  орнату  керісінше  тәртіппен  жүзеге  асырылады  (сур.  3.26). 
Жаңа  модульді  бұрыштап  орналастырып,  көлденең  қалыпқа  түсіру  үшін 
оның үстінен басу керек. 
     Сур. 3.23. ЖЖҚ модулінің қақпағы       Сур. 3.24. ЖЖҚ модулі 


 
 
 
 
174
 
 
             Сур. 3.25. Жады модулін алып шығу    Сур. 3.26. Жады модулін орнату 
Кішкентай шерту  –  модуль бекітілгендігінің кепілі. 
Ноутбук жадысын жаңарту кезінде мыналарды еске сақтау қажет: 
■ 
әдетте  ноутбукта  жедел  жады  модуліне  арналған  тек  бір  ғана  слот  болады. 
Бұл  жағдайда  ескі  модульді  алып  тастайды  және  жаңасын  орнатады.  Ескі 
модульді  сатып  жіберуге  болады.  Жаңа  модульді  ноутбуктерді  жаңартумен 
айналысатын  арнайы  дүкеннен  сатып  алуға  болады.  Бұл  жағдайда  ескі 
модуль  бағасы  жаңа  модульді  сатып  алу  есебіне  «түседі»  және  жаңарту 
арзанға шығады; 
■ 
егер  екі  слот  болса,  онда  екінші  дәл  сондай  көлемдегі  модульді  орнатуға 
болады, яғни егер бірінші модуль 512 Мбайт болса, онда екіншісі де сондай 
көлемде  болуы  дұрыс.  Егер  ЖЖҚ  көлемін  2  Гбайтқа  дейін  ұлғайту  қажет 
болса,  онда  ескі  модульді  шығарып  алып  сатып  жіберу  керек,  ал  оның 
орнына 1 Гбайттан екі модуль орнату керек; 
■ 
ДК  аналық  тақтасы  сақтап  тұратын  ЖЖҚ  ең  үлкен  көлемін  ескеру  қажет. 
ЖЖҚ  ең  үлкен  көлемін  ноутбук  бойынша  нұсқаудан,  немесе  өндірушінің 
сайтынан,  немесе  ноутбукты  өндірушінің  қызмет  көрсету  орталығына 
қоңырау шалып білуге болады; 
■ 
әдетте  SODIMM  (SmallOutlineDual-InlineMemoryModule)  типтегі  модульдер 
қолданылады. 
Қатқыл  дискті  жаңарту.  Жаңа  қатқыл  дискті  орнату  ноутбуктың 
өнімділігін  арттыруға  көмектеседі.  Біріншіден,  жаңа  қатқыл  диск 
жылдамырақ жұмыс жасайды. Ноутбуктерге арналған ескі қатқыл дисктерді 
4 200 айн./мин артық жасамайды, жаңа модельдер 5 400 және 7 200 айн./мин 
жылдамдықпен айналады. 


 
 
 
175
 
Буфер  көлемі  жаңа  модельдерде  ескілеріне  қарағаанда  көбірек.  Екіншіден, 
файлдар  мен  жүйеге  арналған  бос  орын  да  көп  болады.  Үшіншіден,  жаңа 
қатқыл  дисктерден  ескілеріне  қарағанда  аз  шуыл  шығады.  Ол  жаңа 
технологиялармен  және  қатқыл  дисктің  қозғалатын  бөліктерінің  тозуының 
болмауынан деп түсіндіріледі. 
Қатқыл  дискті  үнемі  жаңартып  отырудың  қажеті  жоқ.  Егер  өнімділік 
пайдаланушының  көңілінен  шықса,  тек  дискте  орын  болмаса,  онда  USB-
винчестер сатып алса  да жеткілікті.  Бұл  жағдайда операциялық жүйені  және 
бағдарламалық  жабдықтарды  қатқыл  дискке  орнатуға  уақыт  жоғалтуға  тура 
келмейді.  Жүйе  ескі  орнатылған  қатқыл  дисктен  жүктелетін  болады,  ал 
файлдар сыртқы USB-винчестерде сақталатын болады. 
Біріншіден, операциялық жүйені қайта орнатудың қажеті жоқ. Екіншіден, 
егер  ішкі  қатқыл  дискте  деректерге  бір  нәрсе  болса,  онда  сыртқы  қатқыл 
дисктегі  деректер  бүтін  және  түгел  қалады  (және  керісінше).  Үшіншіден, 
сыртқы  қатқыл  дискті  басқа  ноутбукке  немесе  дербес  компьютерге  оңай 
жалғауға болады.  
Ноутбукке арналған жаңа қатқыл диск сатып алардан бұрын мынаған көз 
жеткізіп алу керек: 
■ 
жаңа қатқыл дискті ноутбукке жалғауға болады. Алғашында қатқыл дискті 
жалғау үшін АТА интерфейсі пайдаланылатын, қазіргі кезде  - SATA. Бұл 
өте  маңызды,  әйтпесе  сатып  алынған  қатқыл  дискті  ноутбукке  жалғау 
мүмкін болмайды; 
■ 
аналық  тақта  таңдалған  өлшемдегі  қатқыл  дискті  қолдайды.  Ескі  аналық 
тақталар үлкен көлемдегі қатқыл дискті қолдай алмаулары да мүмкін. Бұл 
жағдайда ең көп шекті көлемдегі қатқыл дискті сатып алу немесе аналық 
тақтаның BIOS жаңарту көмектеседі. 
Ноутбуктерде  қолданылатын  SATA  интерфейсі  дербес  компьютерлерде 
қолданылып  жүрген  интерфейске  толықтай  ұқсас.  Ол  Ноутбуктың  қатқыл 
дискін  қажет  болған  жағдайда  дербес  компьютерге  жалғауға  болады  дегенді 
білдіреді (мысалы, деректерді көшіру үшін). 
АТА-мен  бәрі  күрделірек.  АТА-ның  мобильдік  нұсқасы  толық  өлшемді 
нұсқасынан өзгеше. Ноутбуктың  АТА дискін қарапайым компьютердің  АТА 
интерфейсіне  жалғауға  болмайды.  Егер  сондай  қажеттілік  бар  болса,  онда 
ATA-USB жалғастырғышын қолдану қажет. Әдетте мұндай жалғастырғыштар 
қарапайым  қатқыл  дисктерді,  сондай-ақ  АТА  интерфейсі  бар  ноутбуктердің 
қатқыл дисктерін жалғауға мүмкіндік береді. 
 


 
 
 
 
176
 
 
 
Сур. 3.27. Ноутбуктың қақпағы ашық 
Сур. 3.28. Қатқыл дискті алып шығу 
 
 
 
Қатқыл  дискті  жаңарту  процесін  қарастырамыз.  Ноутбукті  сөндіріп 
төңкеру керек. Қатқыл дискті жауып тұратын қақпақты тауып алу керек  (сур. 
3.27). Қақпақты ашамыз (ол үшін екі бұрама шегені бұрап алу керек). 
Қатқыл  дискті  шешіп  алу  үшін  арнайы  «тұтқасын»  ұстап  тарту  керек, 
содан соң жоғары көтеру керек (сур. 3.28). 
Егер  қатқыл  дискті  дербес  компьютерге  (деректерді  көшіру  үшін)  жалғау 
қажеттілігі  болса,  қатқыл  дискті  SATA-USB  жалғастырғышына  және  дербес 
компьютерге  қосу  керек.  Қатқыл  диск  қарапайым  флешка  ретінде 
анықталатын болады. 
Жаңа  қатқыл  дискті  орнату  мен  ноутбукті  жинау  кері  тәртіппен  жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   179   180   181   182   183   184   185   186   ...   233




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет