Оптикалық жетекті ауыстыру. Ауыстыру қатқыл дискті ауыстыру
сияқты жүзеге асырылады. Тек бір жағдайда оптикалық диск қақпағын ашып
алу керек, ал басқасында – ноутбуктың барлық төменгі қақпағын ашып алуға
тура келеді. Қатқыл диск сияқты оптикалық жетек бірнеше бұрама шегелермен
бекітіледі. Оларды бұрап алып және жетекті ауыстыру керек. Егер қақпақты
шешуге болмаса (кепілдіксіз қалу жағдайынан), онда қажетті дисктер типін
есептеп-жазуды қамтамасыз ететін сыртқы USB-жетек сатып алуға болады.