KEYBOARD ERROR OR NO KEYBOARD PRESENT – пернетақтаны
инициалдау мүмкін емес. Пернетақтаның қосылуын және оның типін
анықтаңыз. Ең болмағанда жұктелу кезінде пернетақтаны бақылауды
сөндіріп тастаңыз;
■
MEMORY ADDRESS ERROR ATXXXX –
жады қатесі. Жадыны
ауыстырыңыз;
■
MEMORY PARITY ERROR ATXXXX – адалдықты бақылау қатесі.
Жадыны ауыстырыңыз;
■
MEMORY SIZE HAS CHANGED SINCE LAST BOOT – жады көлемі
соңғы жүктеу уақытынан бастап өзгерді. BIOS-ке кіріңіз;
■
PRESS A
KEY TO REBOOT – хабарлама қателер табылған кезде және
қайта жүктеу қажет болғанда туындайды. Кез келген батырманы басыңыз.
■
SYSTEM HALTED, (CTRL-ALT-DEL) TO REBOOT.... – жүктеу
процесінің тоқтауы. Ctrl+Alt+Delete батырмалар комбинациясын басыңыз.
Компьютерді диагностикадан өткізу компьютер детальдерін жаңасына
кезекпен алмастыру көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін. Ол компьютерге
біршама дәл диагностика жасауға себеп болады. Мұндай диагностика
құрамдас бөлшектерін алмастыру мүмкіндігі болған кезде жүргізілуі мүмкін.
Компьютер диагностикасы сондай-ақ арнайы компьютерді тестілеуден
өткізуге арналған құрылғы – POST Card PCI (сур. 3.29) көмегімен жүргізілуі
мүмкін. POST Card PCI аналық тақтаның кез келген бос PCI слотына
орнатыла алады. Компьютердің қоректенуін IBM PC сәйкес келетін әрбір
қосқан кезде және операциялық жүйенің жүктелуі басталғанға дейін
компьютер процессоры жүйені тестілеу рәсімінен өткізеді.
Жүйені осылай тестілеу нәтижесі болып POST-кодтар табылады. POST
Card PCI таблоға RESET басылған соң немесе компьютерді бастапқы тестілеу
процесінде POST-кодтарды бейнелеуге мүмкіндік береді.
Код бойынша ақаулық типін анықтауға болады (сур. 3.30, 3.31, 3.32).
Әдеттегі мәселелер мен олардың шешімі. Кейбір мәселелерді және оларды
шешу тәсілдерін қарастырамыз.
182
Сур. 3.29. Диагностикалық POST-картаның сыртқы түрі