POST кезінде қатқыл диск анықталса да, компьютер оперативті жүйені
жүктемейді.
Starting Windows
жазбасы пайда болмайды, компьютер «қатып тұр». Келесі әрекеттерді орындаңыз.
1.
Жүктейтін дисткен жүктеліңіз.
2. Scandisk бағдарламасын іске қосыңыз (scandisk. exe).
3.
Егер диск қалпында болса, операциялық жүйені қайта орнату керек.
POST кезінде қатқыл диск анықталса да, компьютер оперативті жүйені
жүктемейді.
Starting Windows жазбасы пайда болады, бірақ біраз уақыт өткен
соң компьютер жүктеуді аяқтамастан «қатып қалады». Келесі әрекеттерді
орындаңыз.
1.
POST-тесттен соң F8 пернесін бірден басыңыз және басулы күйде
ұстап тұрыңыз. Жүктеу мәзірі пайда болады.
2. Safe mod пунктін таңдаңыз. Егер жүктеу жүргізілсе, Жүйенің ерекшеліктері мәзіріне кіріңіз және құрылғыларды тексеріңіз (сары түсті
сұрақ немесе леп белгілері).
3.
Жүйені қайта жүктеңіз.
4.
Егер қате жойылмаса, операциялық жүйені қайта орнату қажет болады.
С дискісінің түбірлік каталогын «тазартып» болған: жүйе жүктелмейтін
болды.
Келесі әрекеттерді орындаңыз.
1.
Жүктейтін дисктің түбірлік каталогында әрдайым io. sys, msdos. sys
және command. com (Windows 9. x/Me операциялық жүйелері үшін) немесе
ntldr, boot. ini, NTDETECT.COM, Bootfont. bin (Windows XP/2000/2003
операциялық жүйелері үшін) файлдар болуы тиіс.
2.
Операциялық жүйенің каталогы болуын тексеріңіз (мысалы, Windows).
3.
Ешқашан бұл файлдарды және Windows каталогын жойып немесе атын
өзгертіп тастамаңыз.