26
Мектеп жасындағы балалардың БДТ және ЭЕМ-мен оқу және оқудан тыс
режимін ұйымдастыруға және ЭЕМ негізінде мектепалды жастағы балаларды
ойын кешендерімен оқытуға аса қатаң талаптар қойылған.
Информатика және есептеуіш техника негіздері бойынша 10-11 сынып
оқушылары үшін БДТ және ЭЕМ пайдаланумен аптасына екі сабақтан, ал
басқа сыныптарда – аптасына бір ғана сабақтан асырмай өткізген дұрыс.
Еңбек және демалудың дұрыс режимін сақтау көру анализаторға салмақты
азайтады және пайдаланушының көруін сақтайды, бұл әсіресе мектеп және
мектепалды жастағы оқушылар үшін өте өзекті, өйткені жастық көру
аппараттарының жарақаттық ерекшелігі бар.
Достарыңызбен бөлісу: