басып шығару жылдамдығы – қағазды механикалық тарту
жылдамдығымен және компьютерден келіп түсетін деректерді өңдеу
жылдамдығымен анықталады. Басып шығарудың орташа жылдамдығы
минутына 4 ... 16 бет;
■
рұқсат ету қабілеті – заманауи лазерлік принтерлерде 2 400 dpi
жетеді. Стандартты мәні 300 dpi;
■
жады – лазерлік принтердің жұмысы көптеген есептеулерден
тұрады. Мысалы, рұқсат ету қабілеті 300 dpi болғанда, А4 форматтағы
парақта шамамен 9 млн нүкте болады, және олардың әрқайсысының
координаттарын
есептеу
керек.
Ақпаратты
өңдеу
жылдамдығы
процессордың тактілік жылдамдығына және принтердің оперативті жады
көлеміне тәуелді. Қара-ақ лазерлік принтердің оперативті жадының көлемі
Объем оперативной памяти черно-белого лазерного Мбайттан аспайды,
түрлі-түсті лазерлік принтерде айтарлықтай көп;
■
қағаз – А4 форматындағы сапалы парақ қолданылады. А3 форматына
арналған үлгілері бар. Лазерлік принтердің кейбірінде орама қағазды
пайдалану мүмкіндігі бар.
Лазерлік принтер жұмысының жарамдық мерзімі және сапасы
барабаннан тәуелді. Арзан үлгідегі барабан қоры – 40 ... 60 мың бет.