Принтерді жалғау. Компьютерге принтерді физикалық жалғағаннан
кейін, принтерді бағдарламалық орнату және күйге келтіру қажет. Windows
басып шығару үрдісімен бағдарлама емес, операциялық жүйе басқарады.
Принтерді басқару ісін драйвер жүзеге асырады. Олар принтермен бірге
жеткізіледі, бірақ әйгілі үлгілердің драйверлері Windows жиынтығында
болады. «Өзінің» драйвері болмаған жағдайда бар драйверлер жинағынан
ұқсасын таңдап көруге болады немесе Интернет желісінде өндіруші-фирма
парақшасынан табуға тырысу қажет.
Сканерлер.
Сканер – компьютерге ақ-қара немесе түрлі-түсті суреттер
енгізу, графикалық және мәтіндік ақпараттарды оқытуға мүмкіндік беретін
құрылғы (сурет - 1.29). Сканерді қолда бар түпнұсқа құжатты, мәтінді және
(немесе) графикалық суреттерді, оны әрі қарай қайта өңдеу (редакциялау
және т.б.) үшін компьютерге енгізу қажеттілігі туындаған кезде
пайдаланады. Содан кейін сканерленген ақпарат арнайы бағдарламалық
қамтым арқылы
(мысалы, FineReader бағдарламасымен) өңделеді де
мәтіндік немесе графикалық құжат ретінде сақталады.