Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Ұйымдастырушылық процестер



Pdf көрінісі
бет54/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

3.3.3. 
Ұйымдастырушылық процестер 
Өмірлік  циклдің  ұйымдастырушылық  процестері  қандай  да  бір 
ұйыммен мына мақсатпен орындалады:  

құрамына  өмірлік  циклдің  байланысты  процестері  мен 
қызметкерлер енетін төмен тұрған құрылымды құру және жұмысын 
қамтамасыз ету;  

құрылымды және процестерді жетілдіру.  
Олар,  әдетте,  нақты  жобалар  мен  келісім-шарттарға  қатысты 
тұрақты,  алайда  осындай  процестер  мен  келісім-шарттардан 
алынған сабақтар ұйымды жетілдіруге ықпал етеді.   
 
Жобаны  басқару  жұмыстарды жоспарлау мен ұйымдастыру, 
әзірлеуші  ұйымдарын  құру  және  орындалатын  жұмыстардың 
мерзімі мен сапасына бақылау мәселелерімен байланысты. Жобаны 
техникалық  және  ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге мыналар 
енеді:  

жобаны  іске  асыру  үшін  әдістер мен аспаптық құралдарды 
таңдау;  

әзірлеудің  аралық күйін  сипаттау әдістерін анықтау;  

құрылған  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  сынау  әдістері 
мен құралдарын әзірлеу;  

қызметкерлерді оқыту.  


90 
 
Жобаның  сапасын  қамтамасыз  ету  ақпараттық  жүйенің 
құрамдастарын  анықтау,  тексеру  және  тестілеу  мәселелерімен 
байланысты.  Анықтау  –  осы  кезеңде  қол  жеткізілген  әзірлеудің 
ағымдағы  күйінің  осы  кезеңнің  талаптарына  сәйкестігін  анықтау 
процесі.  Тексеру  –  әзірлеу  параметрлерінің  бастапқы  талаптарға 
сәйкестігін  анықтау  процесі.  Тексеру  іс  жүзіндегі  және  күтілген 
нәтижелер  арасындағы  айырмашылықтарды  анықтау  және 
ақпараттық  жүйенің  сипаттамаларын  бастапқы  талаптарға 
сәйкестігін  бағалау  үшін  өткізелетін  тестілеуге  ішінара  сәйкес 
келеді.  
Басқару  инфрақұрылымын  құру  процесі    технологияны, 
стандарттар  мен  аспаптық  құралдарды  таңдау  мен  қолдауды 
(сүйемелдеуді),  АЖ  бағдарламалық  қамтамасыз  етуді  әзірлеу, 
пайдалану  немесе  сүйемелдеу  үшін  пайдаланылатын  аппараттық 
және бағдарламалық құралдарды таңдау мен орнатуды қамтиды. Өз 
кезегінде,  инфрақұрылым  конфигурацияны  басқару  объектілерінің 
бірі  болып табылады.   
Жетілдіру  процесі  өмірлік  цикл  процестерін  бағалауды, өлшеуді, 
бақылауды  және  жаңғыртуды  көздейді.  Соңғысы  пайдаланылатын 
технологияны,  басқару әдістерін, аспаптық құралдарды таңдау мен 
қызметкерлерді  оқытуды  жетілдіру  есебінен  оларға  қатысатын 
барлық  мамандардың  еңбек  өнімділігін  арттыруға  бағытталған. 
Жетілдіру  әр  процестің  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін 
талдауға  негізделеді.  Оқыту  процесі  бастапқы  оқытуды  және 
қызметкерлер біліктілігін  кейінгі  тұрақты арттыруды қамтиды.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет