Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  Өмірлік циклдің қосалқы процестері



Pdf көрінісі
бет53/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

3.3.2. 
Өмірлік циклдің қосалқы процестері 
Қосалқы  процестер,  ақпараттық  жүйенің  барлық  өмірлік 
циклінің  ажыратылмас  бөлігі  болып  табыла  отырып,  белгілі  бір 
мақсатпен  негізгі  процестерді  іске  асыруды  қолдайды  және 
ақпараттық  жүйенің  тиісті  сапасын  қамтамасыз  етеді.  Қосалқы 
процестер  қажет  болған  шамада  пайдаланылып  орындалады  және 
басқа процестермен бастамашылық етіледі.  
Құжаттау процесі ақпараттық жүйенің өмірлік циклінің қандай 
да бір процесін орындау нәтижесі болып табылатын ақпаратты жазу 
үшін әрекеттерді анықтайды.   
Конфигурацияны  басқару  процесі  конфигурацияны  басқару 
бойынша  әрекеттерді  анықтайды.  Бұл  ақпараттық  жүйе  өмірлік 
циклінің  негізгі  процестерін,  ең  алдымен  әзірлеу  және  сүйемелдеу 
процестерін  қолдайтын  қосалқы  процесс.  Әрқайсысы  тәуелсіз 
әзірленетін 
және 
сәйкесінше, 
іске 
асырылудың 
бірнеше 
нұсқаларына  және/немесе  бір  іске  асырылудың  бірнеше 
нұсқаларына  ие  көптеген  құрамдастардан  тұратын  күрделі 
ақпараттық 
жүйелердің 
жобаларын 
әзірлеуде 
олардың 
байланыстары мен функцияларын есепке алу, бірыңғай құрылымды 
құу  және  барлық  жүйенің  дамуын  қамтамасыз  ету  проблемасы 
пайда  болады.  Конфигурацияны  басқару  ақпараттық  жүйе  өмірлік 
циклінің  барлық  сатысында  оның  әртүрлі  құрамдастарына 
өзгерістердің  енгізілуін  ұйымдастыруға,  жүйелі  есепке  алуға  және 
бақылауға мүмкіндік береді.  
Сапаны  қамтамасыз  ету  процесі  ақпараттық  жүйе  және 
процестер  оларға  қойылатын  белгілі  бір  талаптарға  сәйкес  келеді 
және белгіленген мәнісін сақтайды деген объективті кепілдеме үшін 
әрекеттерді  анықтайды.  Бірлескен  бағалау,  анықтау,  тексеру, 
аттестаттау сапа кепілдемесі тәсілдері ретінде пайдаланыла алады.  
Анықтау  процесі  жобадан  әртүрлі  тәуелділік  тереңдігімен 
ақпараттық жүйенің  бағдарламалық қамтамасыз етуін анықтау үшін 
әрекеттерді  анықтайды  (сатып  алушы,  жеткізуші  немесе  тәуелсіз 


89 
 
тарап үшін).  
Аттестаттау  процесі  ақпараттық  жүйенің  бағдарламалық 
қамтамасыз етуін аттестаттау үшін әрекеттерді анықтайды (сатып 
алушы, жеткізуші немесе тәуелсіз тарап үшін).  
Бірлескен бағалау процесі қандай да бір әрекеттің жағдайы мен 
нәтижелерін  бағалау  үшін  әрекеттерді анықтайды. Бұл процесс бір 
тарап  (тексеруші,  рецензиялайтын)  бірлескен  форумда  басқа 
тарапты  (тексерілетін)  тексеретін  (рецензиялайтын)  кез  келген  екі 
тараппен пайдаланылуы мүмкін.  
Тексеру  процесі  талаптарға,  мәнісіне  және  келісім-шартқа 
сәйкестігін анықтау үшін  әрекетті анықтайды. Бұл процесс бір тарап 
(тексеруші)  ақпараттық  жүйенің  бағдарламалық  қамтамасыз етуін 
немесе басқа тараптың (тексерілетін) қызметін тексеретін кез келген 
екі тараппен пайдаланылуы мүмкін.  
Мәселелерді  шешу  процесі  әзірлеу,  пайдалану,  сүйемелдеу 
немесе  басқа  процестер  кезінде  олардың  табиғаты  немесе 
дереккөзіне қарамастан мәселелерді (сәйкессіздіктерді қоса алғанда) 
талдау және жою процесін  анықтайды.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет