107
4.7-сурет. Баркер нотациясында болмысты белгіленуі:
а — атрибутсыз;
б — атрибуттарды көрсету арқылы;
в —
атрибуттарды анықтау және олардың типтері: # — негізгі; * —
міндетті; о — міндетті емес
Атрибут, осылайша, көптеген нақты немесе дерексіз нысандармен
топтастырылған сипаттамалар мен қасиеттердің кейбір типтерін
білдіреді. Атрибут данасы— болмыстың белгілі нақты данасының
сипаттамасы, атрибут мәні (мысалы, «түс» — бұл атрибут, ал
«жасыл» — атрибут данасы).
Атрибуттар негізгі, яғни бірегей сәйкестендіргіш құрамына
кіретін және алғашқы кілт, және сипаттамалық деп атайды және
тағы басқалар. Алғашқы кілт-бұл атрибут немесе болмыстың әр
данасын бірегей сәйкестендіру үшін арналған (нысанды
сәйкестендіруге мүмкіндік беретін белгілер жиынтығы) атрибуттар
және байланыстар жиынтығы. Негізгі атрибуттарды тізім басына
қояды, сосын «#» символдарымен белгілейді (4.7-сурет, в).
Сипаттамалық атрибуттар міндетті немесе міндетті емес болуы
мүмкін. Әр болмыс үшін міндетті атрибуттар қашанда нақты мәні
болады, ал міндетті емес атрибуттарда- мәндер анықталмауы
мүмкін. Міндетті немесе міндетті емес атрибуттарды «*» және
сәйкесінше «о» символдарымен белгілейді.
Б а й л а н ы с — бұл бір болмыстың екінші болмысқа немесе өз-
өзіне қарым-қатынасы. Егер кез келген дана екінші болмыстың ең
болмағанда бір данасымен байланысты болса, онда байланыс
міндетті болып табылады (4.8-сурет, а). Міндетті емес байланыс
болмыстар арасындағы шартты қарым-қатынасты білдіреді.( 4.8-
сурет, б).
4.8-сурет. Байланыс модальділігі:
Достарыңызбен бөлісу: