Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»


  UML  — әмбебап үлгілеу тілі



Pdf көрінісі
бет64/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

4.3.2. 
UML  — әмбебап үлгілеу тілі 
Нысанды-бағытталған тәсілдің қолда бар әдістерінің көпшілігіне 
үлгілеу тілі және үлгілеу үдерісін сипаттау кіреді. Нысанды тәсілде 
үлгілеу  тілі  ретінде   UML бірыңғай үлгілеу тілі қолданылады, оның 
құрамында үлгілеуге арналған стандартты диаграммалар жиынтығы 
бар.  Қазіргі  кезде  UML,  ақпараттық  жүйелерді  құру  және  оларды 
бағдарламалау  үдерісін  құжаттандырудың  жалпы  көпшілік 
мақұлдаған стандарты болып табылады. 
UML  әибебап  үлгілеу  тілін  әзірлеу  1990-жылдары  ақпараттық 
жүйелердің 
бірнеше 
нысанды-бағытталған 
әдістері 
мен 
нотацияларын  сипаттау басталды. Бағдарламалық қамтамасыз етуді 
сипаттаудың әмбебап тілін жасауға түрткі болған себеп, жобалаушы 
ақпараттық жүйелердің тұрақты үдемелі күрделілігі  болып саналды, 
ол 
өз 
кезегінде  шешілетін  міндеттерді  күрделендірумен 
мәжбүрленеді.  Ақпараттық  жүйе  нысандарының  саны,  жүйелерді 
жобалау  кезінде  туындаған,    7-8  (қосымша  жазбасыз  адамның 
ақпараттарға  сүйеніп  әрекет  ете  алмайтын  психологиялық 
тосқауыл)  күрделіліктен  аспайды,  арнайы  құралсыз  да  еңсеруге 
болады.    Осындай  ақпараттық  жүйені  (бір  жұмыс  орны  немесе 
шағын  компания  үшін) бір адам құра алады. Олардың арасындағы 
нысандар, жағдайлар мен ауысулар саны бірнеше мыңға жетеді, ал 
онда  миллиондар,  онда  бір  маман  да,  қандай  тәжірибелі  және 
білімді  болғанымен,  тұтастай  бүкіл  жүйені  қамти  алмайды. 
Шешілетін  мәселелерді  шешуге  арналған  түсіну  үшін  жеткіліксіз 
қысқаша  сипаттамаларды  қолдану нұасқаларын ұғыну нұсқаларын 
анықтайды  
Бұл қағидаттар жоғарыда айтылды. 
Дерексіздендіру  қағидаты  жүйенің  елеуді  аспектілерін  атап 
көрсету  және  оларды  болмашы  аспектілерден  дерексіздендіруге 
негізделген. 
Көпүлгілік қағидаты ешбір үлгі жеткілікті  дәрежеде  баламалық 
дәрежесімен  күрделі  жүйенің  әртүрлі  аспектілерін  сипаттай 
алмайтындығы  туралы  пікірді  білдіреді.  Нысанды-бағытты  талдау 
әдістемесіне  қатысты,  күрделі  жүйенің  жеткілікті  толық  үлгісі 
кейбір өзара байланысты түсініктер түсініктер көлеміне жол береді, 
олардың  әрқайсысы  жүйенің  кейбір  тәртібі  немесе  құрылымын 
балама түрде қамтып көрсетеді. 
Иерархиялық  құрылым  қағидаты,  белгіленген  түсініктер 
шеңберінде 
дерексіздендіру 
немесе 
бөлшектеудің  әртүрлі 
деңгейлерінде  үлгіні  құру  үдерісін  қарастыруды  ұйғарады. 
Сонымен бірге, күрделі жүйенің алғашқы немесе бастапқы үлгісінің 
анағұрлым  жалпы  түсінігі  (метатүсінік)  бар.  Осындай  үлгі 
жобалаудың  бастапқы  кезеңінде  құрылады  және  құрамында 


114 
 
үлгілеуші көптеген бөлшектері мен аспектілері болуы мүмкін. UML 
тұжырымдамалық  үлгісіне,  үш  құрамдас  бөлік кіреді: тілдің негізгі 
құрылымдық  блоктары,  олардың  үйлесу  ережесі  және  барлығына 
ортақ кейбір тңл механизмдері. 
UML—  бұл  сөздіктер  мен  ережелерден  тұратын  тіл,  оның 
құрамына  кіретін  сөздерді  құрамдастыруға  ықпал  ететін  және 
мағыналы құрастырымдар алуға  мүмкіндік береді. 
Үлгілеу  тілінде  сөздік  пен  ережелер  тұжырымдамалық  және 
физикалық  жүйе  түсініктеріне  бағытталған.  UML  тілінің  сөздігіне 
үш құрылымды блок кіреді:  болмыс, қарым-қатынас, диаграмма. 
Болмыс — үлгінің негізгі элементі болып табылатын дерексіздік. 
Қарым-қатынас әртүрлі болмысты байланыстырады. Диаграммалар 
болмыс жиынтығының  ұсынатын мүддесін топтастырады. 
UML  тілі  арқылы  құрылымдық  үлгілер  мен  тәртіп  үлгілерін 
құруға болады. 
Кейбір  жүйенің  болмысы  мен  компоненттер  құрылымына, 
олардың  санаты,  интерфейстері,  атрибуттары  мен  қарым-
қатынастарын қосқанда,  құрылымдық үлгілерін  сипаттайды. 
Тәртіп  үлгісі,  жүйе  нысандарының  жүріс  тұрысы  немесе 
арқарымын,  оған  қоса  олардың  әдістері,  өзара  іс-әрекеті  және 
олардың  арасындағы  ынтымақтастықты,  сонымен  қатар  жеке 
компоненттер  мен  тұтастай  жүйе  жағдайының  өзгерістер  үдерісін 
сипаттайды.  UML  тілі  шеңберінде,  күрделі  үлгінің  барлық 
түсініктері  диаграмма  деген  атауға  ие  болған,  арнайы  графиктік 
құрастырымдар түрінде белгіленеді. UML тілдер терминінде келесі 
диаграмма түрлері анықталған: 
— 
қолдану 
нұсқасының 
диаграммасы 
(usecasediagram)— 
ұйымның  бизнес-үдерістерін  (жүйеге  қатысты  талаптар)  үлгілеуге 
арналған; 
— 
санаттар  диаграммасы  (classdiagram)  —жүйелер  санатының 
статикалық  құрылымы  және  олардың  арасындағы  байланысты 
үлгілеуге арналған; 
— 
жүйе тәртібінің  диаграммасы  (behaviordiagrams): 
1) 
жағдай  диаграммасы  (statechartdiagram)  —  бір  жағдайдан 
екінші жағдайға көшу кезіндегі жүйе нысандарының жүріс тұрысын 
үлгілеуге арналған; 
2) 
қызмет  диаграммасы  (activitydiagram)  —  қызметті  қолдану 
және  үлгілеудің  әртүрлі  нұсқаулары  шеңберінде  жүйе  тәртібін 
үлгілеуге арналған; 
3) 
өзара  әрекет  ету  диаграммасы  (interactiondiagrams)  — 
нысандар  арасында  хабарлама  алмасу  үдерістерін  үлгілеуге 
арналған—  тізбектілік  диаграммасы  (sequencediagram),  қауымдасу 
диаграммасы (collaborationdiagram); 
— іске асыру диаграммасы (implementation  diagrams): 
1) 
компоненттер  диаграммасы  (componentdiagram)  —  жүйенің 
(қосалқы жүйе) компоненттерін  иерархияларын  үлгілеуге арналған; 


115 
 
 
2) 
өрістету  диаграммасы  (deploymentdiagram)  —  жүйенің  жеке 
құрылымын үлгілеуге арналған. 
Диаграмманны құру құрылыста жоба құрумен бара-бар — оны 
да  айналып  өтуге  болады,  егер,  мысалы,  саяжай  телімінде  сарай 
тұрғызатын  болсақ.  Бірақ  жобаны  қолданбай,  оның  нәтижесі 
белгісіз болады. UML-диаграммамен сипатталған ақпараттық жүйе, 
әзірлеушіге жобалау үдерісінде қол жеткізілетін  нәтижені  көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет