14
- техникалық-экономикалық жоспарлау;
- өндірісті техникалық дайындау;
- өнімді өткізу және сату;
- өндірісті жедел басқару;
- материалдық-техникалық жабдықтау;
- бухгалтерлік есеп;
- өнімнің сапасын басқару;
- кадрларды басқару;
- қосалқы өндірісті басқару.
Ақпараттық
жүйенің
қосалқы
жүйелерінің әрқайсысы
функционалдық міндеттердің біршама қосалқы жиынтығын
шешеді. Осындай әр міндетті шешу оның экономикалық-
математикалық немесе ақпараттық үлгісін көрсететін кейбір
математикалық қамтамасыз етуге негізделеді. Бұдан басқа,
осындай міндеттердің әрқайсысы кіріс деректерінің белгілі бір
жинағына және белгілі бір нысанда ұсынылған шешім нәтижесіне
ие болады.
Функционалдық қосалқы жүйелердің өзара әрекет ету құрамын,
тәртібін және қағидаттарын экономикалық объектінің алдында
тұрған қызмет ету міндетіне жетуді ескерумен белгілейді. Дербес
қосалқы жүйелерді, міндеттер кешенін және жекелеген есептерді
бөлудің негізгі қағидаттары – олардың салыстырмалы дербестігі,
яғни басқару объектісінің бар болуы, функциялардың нақты
жинағы мен қызмет ету мақсаты нақты көрінетін оларға сәйкес
келетін міндеттердің бар болуы.
Ақпараттық жүйенің мысалы ретінде орта және арнайы оқу
орнын басқару жүйесін келтіруге болады (1.3 сур.). Оның мақсаты
құжат айналымын автоматтандыру және білім сапасын басқаруды
ақпараттық
қамтамасыз
ету
болып
табылады.
Жүйе
функционалдық қосалқы жүйелерге бөлінеді, олар өз кезегінде
міндеттерге бөлінетін қосалқы функцияларға бөлінеді және т.б.
Директор, директордың орынбасарлары мен жүйе әкімшісі барлық
қосалқы жүйелерге толық құқылы рұқсатқа және бағдарламаның
барлық
функцияларын пайдалану мүмкіндігіне ие.
Оқу орнын басқарудың ұсынылатын ақпараттық жүйесіне
мына қосалқы жүйелер енеді: талапкерлерді қабылдау және
оларды оқуға қабылдау; студенттердің кадр есебін жүргізу; оқу
сағаттарын
беруді
бақылау;
оқу
процесін
жоспарлау;
студенттердің оқу үлгерімін бақылау және талдау; оқытушы
құрамды бағалау.
Әр қосалқы жүйе үшін өзінің кіріс және шығыс деректері
белгіленген. Қосалқы жүйелердің әрқайсысы өз мақсаттарына,
міндеттеріне, функционалдық сипаттамаларына, басқа жүйелермен
нақты интерфейске ие. Сонымен , талапкерлерді қабылдау қосалқы
жүйесінің негізгі
функциялары болып мыналар табылады:
15
- оқуға түсушілер туралы сауалнамалық ақпаратты жинау;
- талапкерлердің деректер базасын жүргізу;
- оқуға түсер алдындағы сынақтарды бақылау және өткізу;
- емтихан нәтижелері бойынша студенттерді оқуға қабылдау;
-
қабылдау қорытындысы бойынша қажетті есептілікті
қалыптастыру (тізімдерді, статистикалық есептерді және т.б.).
Студенттердің кадр есебін жүргізу қосалқы жүйесінің негізгі
функцияларына мыналарды жатқызуға болады:
- студенттердің деректер базасын жүргізу;
- студенттің жеке карточкасын қалыптастыру;
-
оқып жатқан және оқуды аяқтаған студенттер үшін кадр
бұйрықтарын, анықтамаларды қалыптастыру;
- жоғары тұрған ұйымдар мен мемлекеттік органдар алдында
міндетті есептілікті қалыптастыру.
Оқу үлгерімін талдау және бақылау қосалқы жүйесі үшін
орындалатын функциялардың мына құрамын анықтауға болады:
- студенттердің оқу үлгерімі мен сабаққа қатысуы бойынша
жиынтық тізімдемелерді қалыптастыру;
- дипломдарға қосымшаларды және академиялық анықтамаларды
қалыптастыру;
- студенттердің оқу үлгерімін талдауды жүргізуге болатын,
сондай-ақ білім сапасы бойынша қорытынды шығаруға болатын
әртүрлі диаграммалар мен есептерді қалыптастыру және т.б.
Ақпараттық жүйенің қосалқы жүйелері арасындағы өзара
әрекеттесу шектеулі стандартты шеңберге сыяды.
Кейбір пән салалары үшін басқару функцияларын, деректер
құрылымы мен өндеу алгоритмдерін типтендіру мүмкін.
Ақпараттық жүйелерді жобалауға, енгізу мен сүйемелдеуге
жұмсалатын шығындарды төмендету үшін, сәйкесінше, олардың
тиімділігін арттыру үшін жекелеген функционалдық міндеттер
бойынша және осы негізде функционалдық қосалқы жүйе және
жалпы жүйе бойынша жобалау шешімдерін типтендіру
қолданылады.
Өз кезегінде, үлгі жобалау шешімдеріне бағдарлану ақпараттық
жүйелерді жобалау процесін автоматтандыру үшін негіз болып
қызмет етеді, бұл жүйелерді әзірлеуге жұмсалатын шығындардың
төмендеуіне және жобалау мерзімдерін қысқартуға әкеледі.
Мысалы, «1С:Бухгалтерия» жүйесінің үлгі кескіндемесі жүздеген
мың отандық кәсіпорындарда қолданылады және қосымша
түзетуді талап етпейді.
Достарыңызбен бөлісу: