Оқулық «Білімді дамытудың федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет5/121
Дата31.12.2021
өлшемі3,84 Mb.
#21592
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
автоматтандырылған ақпарат жүйе

Кіріс ықпалдар 
(басқа жүйе лердің 
құжаттары, жұмыс 
материалдары, деректері) 
О рындаушылар, 
бағдарламалық және 
техникалық құралдар 
Шығыс ықпалдар 
(опе рациялардың 
нәтижелері, шығыс ақпарат, 
есептер) 
Нұсқаулықтар, 
нормативтік материалдар, 
нәтижелерді бағалаудың  өлшемшарттары 
 
Ақпараттық 
жүйе (АЖ) 
 



 
қамтамасыз  ететін  процестерді  шартты  түрде  мына  блоктардан 
тұратын схема түрінде көрсетуге болады (1.2 сур.):  
-  ақпаратты енгізу (сыртқы орта және басқару объектісінің 
жай-күйі туралы ақпаратты жинау, яғни бастапқы, немесе кіріс, 
ақпаратты жасау және оны қажетті пішімде беру);  
-  деректер базасы (деректер қоймасы);  
-  ақпаратты өндеу (тұтынушыларға беру немесе басқа жү йеге 
табыстау үшін ақпаратты іздеу, реттеу, сұрыптау, біріктіру,  талдау, 
шығару);  

кері  байланыс  (кіріс  ақпаратты түзету үшін тұтынушымен 
өнделген  ақпаратты  табыстау,  яғни  басқарушы  ықпалдарды 
пысықтау).  
Кез  келген жүйе қосалқы жүйеден тұрады, кез келген жүйенің 
қосалқы  жүйесі  бір  жүйе  ретінде  қаралуы  мүмкін.  Қаралатын 
жүйенің  шекаралары  қол  жетімді  ресурстармен  және  қоршаумен 
анықталады.  Мысалы,  бухгалтерлік  есеп  жүйесі  өндірістік 
кәсіпорынды  басқару  жүйесінің  бөлігі  (қосалқы  жүйесі)  болып 
табылады  және  оның  құрамына  материалдық  есеп,  салық  есебі, 
еңбекақыны есептеу және т.б. қосалқы жүйелері енеді.  
Ақпараттық  жүйенің  құрылымы  оның  қосалқы  жүйелері 
арасындағы  өзара  әрекеттесуі  шектеулі  стандартты  шеңберге 
кестеленетіндей болуы тиіс:   

әр  қосалқы жүйе өз құрамын қапшықтауы тиіс (оны басқа 
қосалқы жүйелерден жасыруы тиіс);  

әр  қосалқы  жүйенің  басқа  қосалқы  жүйелермен  нақты 
интерфейсі  болуы тиіс.  
Қапшықтау  бір  қосалқы  жүйенің  құрылымын  басқа  қосалқы 
жүйелерден  тәуелсіз  қарауға  мүмкіндік  береді.  Қосалқы жүйелер 
арасында  интерфейстердің  болуы  оларды  деңгейі  бұдан  жоғары 
жүйеге біріктіруге  мүмкіндік береді.  
Егер  үлкен  мөлшерлілігінен  жүйені  зерттеу  немесе  үлгілеу 
қиындатылса,  жүйе  үлкен  деп  аталады,  яғни  жүйенің  көп 
жағдайлары  үлкен  мөлшерлілікке  ие.  Үлкен  жүйе  анағұрлым 
әлеуетті  есептеу  құралдарын  немесе  ресурстарын  пайдаланумен 
не,  
 
 
 
 
1.2. сур. Ақпараттық жүйедегі процесстер 



 
 
 
мүмкін  болса,  міндетті  мөлшері  бұдан  аз  міндеттердің  қатарына 
бөлумен, мөлшері аз жүйеге түйістіріледі.     
Егер  ол  жерде  жүйені  тиімді  сипаттау  мен  басқару,  яғни 
басқарушы  параметрлерді  анықтау  немесе  шешімдерді қабылдау 
үшін ақпараттық ресурстар жетіспесе, жүйе күрделі деп аталады.  
Ақпараттық жүйелерді зерделеу үшін жүйелі талдау міндеттері 
жайлы  түсінік  болғаны  пайдалы.  Жүйелі  талдау  –  жүйелерді 
(әлеуметтік, экономикалық, техникалық және т.б.)  құрылымдауға 
негізделген мәселені шешу әдіснамасы. Басқаша айтқанда, жүйелі 
талдау  –  нақты  мәселені  шешудің  негізділігін  арттыруды 
қамтамасыз  ететін,  математика,  жаратылыстану  ғылымдары 
саласынан  және  күрделі  жүйелерді  әзірлеу  саласынан  алынған 
теоретикалық 
және 
эмпирикалық  ережелердің  логикалық 
байланысты жиынтығы.  
Ақпараттық  жүйені  құру  процесіндегі  жүйелі  талдау 
міндеттерінің  құрамына  бөлшектеп  байланыстыру,  талдау  және 
жинақтау міндеттері енеді.  
Бөлшектеп  байланыстыру  міндеті  жүйені  бұдан  ұсақ 
элементтерден  тұратын  қосалқы  жүйелердің  жинағы  түрінде 
түсінуді білдіреді.  
Талдау  міндеті  жүйенің  немесе  жүйені  қоршайтын  ортаның 
әртүрлі бейнедегі қасиеттерін табудан тұрады. Талдаудың міндеті 
– жүйенің  қылығын беретін ақпараттың түрлендіру заңын анықтау.  
Жинақтау міндеті талдау міндетіне қарама-қарсы. Ақпаратты 
түрлендіру  заңының  сипаты  бойынша іс жүзінде осы түрлендіруді 
белгілі бір алгоритм бойынша орындайтын жүйені құру қажет.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет