№3 жұмыс. AVRмикроконтроллерінде динамикалық индикацияны
жүзеге асыру
Жұмыстың мақсаты:
Динамикалық индикацияның көмегімен жеті сегментті индикаторды
басқаруды зерттеу.
60
Жұмысқа түсіндірме:
Бұл жұмыс алдыңғы жұмыстың логикалық жалғасы болып табылады.
Мұндағы тапсырмалар күрделендірілілген және бағдарлдамалаық ұстаулардың
көмегімен жүзеге асырылған динамикалық индикация қолданылады.
1 мысал. HG2...HG4 индикаторларында 123 саны шығарылған. Кірістерді
байланыстыру схемасы 1 кестеде келтірілген.
Кесте 1.
HG2...HG4 индикаторларында кірістерді байланыстыру схемасы
Шығыс:
Жоқ
Бар
Шығыс:
Сегменты A . . . G
PC0...PC7
Индикаторы
HG2
PB2
HG3
PB1
HG4
РВО
Жеке тапсырмалар нұсқалары:
1.
Қоректі бергенде және SB1 батырмасын басқанда HG1 және HG2
индикаторларында 7 және 5 саны жанады. SB2 батырмасын басқанда
индикаторларда 5 және 7 саны жанады және VD4 және VD6 жарық
диодтары жанады. SA6 («Тастау» бұйрығына еліктеу) тумблерін қосқан
кезде, барлық индикаторлар мен жарық диодтары сөнеді.
61
2.
Қоректі бергенде және SB1 батырмасын басқанда VD4 және VD6 жарық
диодтары жанады және HG1 және HG2 индикаторларында сәйкесінше 0
және 1 саны жанады. SA7 тумблерін қосқан кезде VD4 және VD6 жарық
диодтары сөнеді, VD5 жарық диоды жанады және HG1 және HG2
индикаторларында сәйкесінше 8 және 9 саны жанады. SA7-ні өшірген
кезде схема бастапқы қалпына келеді.
3.
Бастапқы қалпы – VD1 жарық диоды жанады, ал HG1 және HG2
индикаторларында 01 саны жанады, яғни жарық диодының номері. SB1
батырмасын басып және жібергенде VD1 жарық диоды сөнеді, ал VD2
жарық диоды жанады, яғни сәуле таратуы оңға қарай жылжиды.
Индикаторларда 02 саны жанады. SB1 батырмасын басқанда сәуле таратуы
оңға қарай жылжып отырады, яғни VD1, VD2, VD3 бақыланады және
процесс ары қарай қайталанады. Осы кезде индикаторларда сәйкесінше 01,
02, 03, 01, 02
және т.б. сандары пайда болады.
4.
Бағдарламалық ұстаудың көмегімен «қума» отты ұйымдастыру: HG1 және
HG2 индикаторларының сегменттері бойыныша. Сағат тілімен «жүргенде»
сегменттердің алмасуы келсі: а, Ь, с, d, е, f және т.б. SA7 тумблері қосылып
тұрған кезде, «қума» оты сағат тілі бойынша жүзеге асырылады, ал
өшірулі кезінде – сағат тіліне қарсы болады. SA8 тумблері қосылып тұрған
кезде, «қума» оты HG1 индикаторының сегменттері бойынша жүзеге
асырылады, ал өшірулі кезінде – HG2 индикаторының сегменттері
бойынша.
5.
SB1 және SB2 батырмаларын басып, сандар есебін ұйымдастыру. Қоректі
берген кезде HG1 және HG2 индикаторларында 00 саны жанады. SB1
батырмасын қайта басқанда индикатордағы сандар бірге артады. Есебі 20
дейін мүмкін. Егер есеп 20 санына жетсе, онда ары қарай SB1 батырмасын
басқанда сандар өзгермейді. SB2 батырмасын қайта басқанда
индикатордағы сандар бірге кемиді. 00 санына жеткеннен кейін ары қарай
SB2 батырмасын басқанда схемаға әсер етпейді.
6.
SB1 батырмасын басып, сандар есебін ұйымдастыру. Қоректі берген кезде
барлық жарық диодтары мен индикаторлар сөнеді. SB1 батырмасын қайта
басқанда индикатордағы сандар бірге артады. 10-нан кейін батырманы
басқанда VD1 жарық диоды жанады, HG1 индикаторында 1 саны жанады.
Екінші ондықтан кейін батырманы басқан кезде қосымша VD2 жарық
диоды жанады, және HG2 индикаторында 2 саны жанады. Ары қарай SB2
батырмасын басқанда схемаға әсер етпейді. SB2 батырмасын басқанда
барлық жарық диодтары мен индикаторлар сөнеді, және схема қалыпты
жағдайға келеді.
7.
HG1 және HG2 индикаторларында 33 санының сәуле таратуының
қалыптасуын жүзеге асыру. Қоректі берген кезде барлық жарық диодтары
мен индикаторлар сөнеді. SA9 тумблерін қосулы тұрған кезде, жүйелі
түрде HG1 және HG2 индикаторларының сегменттері қосылады: а, Ь, с, d,
g. Осыдан кейін VD8 жарық диоды қосылады. Индикаторда 33 саны
жанады. SA9 тумблерін сөндірген кезде жүйелі түрде HG1 және HG2
индикаторларының сегменттері сөнеді: g, d, с, b, а.
|