Әбілқайыр хан:
-
Рұқсат!
Жігіт:
-
Мына отырған халық күтіп қалды!
Әбілқайыр хан:
-
Халық,не дейді?
Жігіт:
-
Халық,еліміздің игі жақсыларынан жақсы сөз естімей кетпейміз дейді.
Әбілқайыр хан:
-
Ал,игі жақсылар жақсы сөздеріңді аямаңдар!
-
Заман туралы үш ауыз сөз.
Төле би:
-
О,әлеумет,қалай осы,жылқы біткен көп кісінесіп кеткен жоқ па,әйел
біткен көп кісімсініп кеткен жоқ па?
Әйтеке би:
-
Ел шетіне дүбір жетсе.атыңнан жалы панаң болар, көк-сауытың –қатын,
көк найзаң-балаң болар!
Әбілқайыр хан:
-
Жастық пен кәрілік туралы үш ауыз сөз.
Төле би:
-
Үй сыртында төбең болса-ерттеулі тұрған атың ғой,ел ішінде қарияң
болса – жазулы тұрған хатың ғой.
Қазыбек би:
60
-
Жалтылдайды екен деп жастықты сөкпе-бәріңнің шыққан тегің сол;
қалтылдайды екен деп қарттықты сөкпе-ертеңгі жетер шегің сол!
Әйтеке би:
-
Ар сатып алған атақтан тер сатып алған мал артық, сақалын тосқан
кәріден еңбегін тосқан бала артық!
Достарыңызбен бөлісу: |