8-тапсырма. «
Әр мекені елімнің – қараøығындай көзімнің» деген
тақы рыпта өздерің тұратын аймақтағы өзен-судың бүгінгі жай-күйі
туралы ýссе жазыңдар.
6-тапсырма. Шығармашылық жұмыс.
Айналайын Ақжайық,
Ат салмай өтер күн қайда?
Еңсесі биік боз орда,
Еңкеймей кірер күн қайда?..
Толғауды өз ойларыңмен жалғастырып жазыңдар.
?
35
АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА!
Қазақтың бас ақыны – Абай (шын аты Ибраһим)
Құнанбайұлы. Одан асқан бұрын-соңғы заманда қазақ даласын-
да біз білетін ақын болған жоқ.
Аõмет байтұрсынұлы
Абай – өз заманынан озық туған дара ақын. Абай тұсындағы
әрбір сөз зергері, би-шешені, ақыны мен әншісі Абай бойына
ақындықтың, шешендіктің дәнін егіп кетті. Абай солардан үлгі
алды, үйренді, көбімен сөз жарыстырып жүріп жетілді.
мұõтар әуезов
– Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы артына мол мұра қал-
дырды. Абай атамыздың әрбір сөзі, өлеңі үлгі-өнегеге, ақыл-насихатқа
толы, ал қарасөздері – есті адамның шамшырағы.
«Абай жолы» романы – Абай Құнанбайұлының өмір сүрген кезеңі
мен қазақ халқының салт-дәстүрін толық қамтыған тарихи шығарма.
Авторы – заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов.
– Абай атамыздың әр сөзін оқи отырып, тамсанамыз, таңырқаймыз.
Ақын дәл осы кезді жырлап отырған, жазып отырған секілді болып
көрінеді. Çаман шындығы, қоғам көрінісі, алауыздық пен татулық,
өнер мен білімге құштарлық, адамзат баласына жол көрсете білу және
т.б. көптеген мәселе – Абай Құнанбайұлы шығармаларының негізгі
тақырыбы.
|