Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ



Pdf көрінісі
бет158/221
Дата31.12.2021
өлшемі3,61 Mb.
#21839
түріБағдарламасы
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   221
Байланысты:
МП Рухани Жаңғыру

Күтілетін нәтиже: 
-  жұртшылық  қымыз  бен  шұбаттың  шығу  тарихы,  түрлерімен  жете 
танысады; 


112 
 
-  отандастарымыздың  отандық  брендке  деген  махаббаты  артады  және 
фестивальді  жыл  сайын  өткізу  дәстүрге  айналып,  қоғамдық  шараға 
айналады; 
-  «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мақсаттарының орындалуы және 
«Ұлы 
даланың 
жеті 
қыры» 
мақаласының 
мән-маңызының 
насихатталуына үлкен үлес қосылады.  
 
 
 «Қазақ даласы - ежелгі металлургияның отаны» 
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын 
ұйымдастыру бойынша ұсынымдар 
 
Қазақстан  Республикасының  Тұңғыш  Президенті  –  Елбасының  «Ұлы 
даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақаласы жаһандық тарихтағы Ұлы 
дала  жеріне  жаңаша  қарауға  мүмкіндік  берді.  Мақалада  «Біздің  жеріміз 
материалдық  мәдениеттің  көптеген  дүниелерінің  пайда  болған  орны,  бастау 
бұлағы» деп жазылған және біздің ата-бабаларымыздың әлемдік өркениеттің 
дамуына қосқан үлесі атап өтіледі.  
Бұл мемлекеттің идеологиялық саясатын қайта қараудың бастамасы және 
оның  мазмұнын  Қазақстанның  тарихи  жетістіктерімен  толықтыруына  себеп 
болды.  Сонымен  қатар,  бұл  мақала  тарихи  және  жалпы  гуманитарлық 
ғылымның  дамуына  жаңа  серпін  беріп,  бұрын  жеткілікті  зерттелмеген  жаңа 
зерттеу объектілерінің пайда болуын өзектендірді.
 
Тарихи  сенімдер  мен  аңыздарға  сәйкес,  біздің  ата-бабаларымыз 
Эргенекун  алқабынан  үлкен  таудың  көмегімен  шығу  үшін  бүкіл  тауды 
балқытып,  қиын  жерден  шығудың  жолын  тапқан.  Мұндай  аңыздар 
Қазақстанның  қазіргі  экономикасында  маңызды  рөл  атқаратын  тау-кен 
металлургия саласы көне заманнан бері Ұлы дала халықтарының шаруашылық 
құрылымындағы маңызды сектор болғанын куәландырады. 
Археологиялық 
қазбалар 
мен 
олжалар 
Қазақстанның 
ежелгі 
халықтарының  металдарды  шебер  өңдегенін  растайды.  Ұсталық  шеберлер, 
металдардан жасалған түрлі бұйымдарды, соның ішінде қымбат металдардан 
жасалған зергерлік әшекейлерді жасаған. 
Бұл тарихи мәліметтердің барлығы ежелгі Қазақстанда ұсталық істер, кен 
өндіру  және  металдарды  өңдеу  дамыған  сала  болғанын  дәлелдейді.Алайда, 
Қазақстан тарихының бұл беті жеткілікті зерттелмеген және халық арасында 
дәріптелмеген. 
Ғылыми 
қауымдастықтар 
мен 
жалпы 
қоғамның 
қызығушылығын ояту мақсатында осы салаға серпін беру қажет. 
Бұл  тұрғыда  халықаралық  ғылыми  конференция  өткізу  өзекті,  онда 
ғалымдар мен сарапшылар Қазақстанда кен өндіру мен металдарды өңдеудің 
тарихи тереңдігін, еліміздің металлургия  саласының ежелгі заманнан бүгінгі 
күнге  дейін  дамуын  болжай  алады.  Мұндай  конференцияны  ұйымдастыру 
Ұлы  даланың  техникалық  және  материалдық  жетістіктері  бойынша  жаңа 
зерттеу  бағыттарының  пайда  болуына  ықпал  етеді.  Осы  мақсатта  «Қазақ 


113 
 
даласы  –  ежелгі  металлургияның  отаны»  атты  халықаралық  ғылыми-
практикалық конференция ұйымдастыру ұсынылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   221




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет