Негізгі мақсаты – танымдық және ойын- сауық форматтары арқылы
танымал мемлекеттік емес ресурстарға келушілер арасында Бағдарламаға
деген қызығушылықты және хабардарлықты арттыру.
Негізгі міндеттері: - интернет-ресурстар арқылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасының іске
асырылу барысы туралы ақпараттандыруды арттыру;
- мемлекеттік емес интернет-ресурстарға кірушілердің ой-өрісін
кеңейту;
- Қазақстанның сакралдық жерлеріне қызығушылықты тарту;
- Қазақстанның мәдениеті мен тарихын танымдық ойын-сауық форматы
арқылы жылжыту;
- тек отандастар арасында ғана емес, шетел азаматтары арасында
Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылықты қалыптастыру;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының оң бейнесін қалыптастыру.