Мәдениет, өнер саласы.
1. Ұлттық қолөнер көрмелерін ұйымдастыру;
2. Ұлттық киімдер сән апталығын өткізу;
3. Жыраулар фестивальдерін ұйымдастыру;
4. Ұлттық салт-дәстүрді насихаттайтын театрлық қойылымдарды өткізу;
5.
Ұлттық салт-дәстүрді жаңғыртып, қазақтың қолданбалы, қолөнерін
әлемге танытып жүрген жас суретшілерді, зергерлерді, шеберлерді мемлекет
тарапынан марапаттап, ынталандыру жұмыстарын жүргізу.
Кітаптар, мобильді қосымшалар.
1. Бүгінгі заманның бағытына сай, күнделікті тұрмыста қолдана алатын
дәстүрлер жинақталған кітаптар шығару. Жинақ көпшілікке түсінікті, жеңіл
тілде болуы тиіс. Және тек ғалымдар мен оқытушыларға арналып жазылмауы
керек. Халықтың сұранысы туатындай насихат жұмыстары жүргізіліп, жаппай
өңірлерде кітап дүкендерінде сатылуын ұйымдастыру;
2.
Салт-дәстүрлерге анықтама, ұлағатты сөздер, бата-тілектер, дәстүрлі
тағамдардың рецептілері, ұлттық киім, ұлттық қолөнер, зергерлік бұйымдар
және т.б. салт-дәстүрлерден ақпарат беретін «Dastur» мобильді
Достарыңызбен бөлісу: |