Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет109/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   313
Байланысты:
treatise20490

Худайл аль-Аллаф есімімен байланысты. Ол Құдайды ойлау жүйесі арқылы 
да  тануға  болады оған  ақиқаттың  қажеті  шамалы  деген.  Ӛзінің  сӛзін  растау 
үшін  келесі  тұжырымдамаларды  ұсынған.  Сол  заматтарда  Салих  есімді  бір 
маг-зороастриец болыпты-мыс, оның Жарық пен Қара түнектен тұратын екі 
жағы  болған  екен,  оның  ойынша,  олар  бір-біріне  қарама-қарсы  келеді,  ал 
олардың қоспасы әлемді құрайды. Бұл келіспеушілік тудырды. Аллаф Жарық 
пен  Түнектің  қоспасы  бір-бірімен  ылғи  үйлесімді  болды  ма  деген  сұрақ 
қойған.  Салих  ол  екеуі  бір  зат  болатын  деп  жауап  береді.  Аллаф  қайтадан: 
«Егер  екі  зат  бір-біріне  қарама-қарсы  болса,  қалайша  үйлесіп  кете  алады? 
Оларды  араластырушы  бір  күш  болу  керек,  оларды  тек  қана  –  таңғажайып 
күш  немесе  Құдай  ғана  араластыра  алады»  депті.  Тағы  бір  сӛзінде  Аллаф: 
«Сенің  кӛздегенің  не?»  Салих:  «Мен  Құдайдан  екі  Құдай  бар  деген  сенімді 
растайтын  ризашылығын  сұрадым»  дегенде  Аллаф:  Сен  Құдайдың 
қайсысынан ризашылық сұрадың? Сен сұраған Құдай бұл үшін тағы да басқа 
Құдайды нұсқауы мүмкін» деген екен. 
Ол алғаш болып адамға керек білімі туралы ӛте жоғары білімге кӛтеру 
үшін  екі  бағытты  ұсынған:  қажет  дүниені  тануға  бағытталу  (Алланың  бар 
екендігін мойындау және ақиқатқа кӛз жеткізу), басқа да қалған сезім мен ой-
сана арқылы жетілетін білім салалары. 
Аллаф  еркіндікті  сезіну  тек  біздің  әлемімізде  ғана  мүмкін  деген. 
Қабірде адамның еркіндігі шектеледі, яғни еркіндік жоқ. Тозақта мәңгілікке 
қалып, азап шегу мүмкін емес, себебі Құдай аса мейірімді. Адамның еркіндік 


құқығын  қорғай  отырып,  Аллаф  догматтарға  ғана  емес,  тіпті  фатализмге 
шыққан. 
Мутазилиттер мұсылмандық ортодокстар (мутакаллимдер) тарапынан 
қудаланып, ІХ ғ. олардың іліміне тыйым салынды.  
Мутакаллимдер  ӛкілі,  мутазилиттердің  саяси  ӛмір  мен  табиғи  ӛмір 
салттары  ілімін  сынға  алған  Маймонид  әл-Ашари  (873-935  жж.)  еді. 
Құдайдың  есімінің  кӛптігін  адам  санасына  сыймайтындай  құдіреттілігін 
баяндай  отырып,  олар  исламда  креационизм  (әлемді  Құдай  жаратушы) 
бағытын және фатализмді (алдын ала болжау идеясы) қалыптастырды. 
Мутакаллимдер ілімі  жасырын  құрылған,  Құранды  сӛзбе-сӛз  түсінбей, 
астарлы  мағынасын  ашып  түсіндіруді  қолдаған  «таза  ағайындылар» 
тарапынан талай рет сынға алынды. Олар «әлемді» Құдай жаратты және оған 
бәрі  қайтарылады»  деген  неоплатондық  идеяны  ұстанушылар  болатын. 
«Ағайындылар»  «адам  қайтыс  болған  күні,  оның  жанының  туылатын  күні» 
деген.  Ойшылдың  терең  білім  алудағы  басты  мақсаты  –  жанын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет