осы уақытқа дейінгі барлық ғылымның басталуы деуге болады. Нақтысын
айтар болсақ, «ғылым бастамасынан» әр ғылым ӛз бастауын алады.
Осы кезең философиясы танымның барлық жиынтығын – практикалық
және теориялық түрлері мен формаларын кӛрсете бастады. Ол стихиялық
материализм мен диалектика деңгейінде табиғи құбылыстарды түсіндірді.
Гераклит әлем бірлігін оның алғашқы негізінен бастады, параметрі – от, ал
оның дамуын қарама-қарсылардың арасындағы тартыс деп түсінді. Ол
қарама-қарсылықты (ұрыс) барлық қозғалыстың кӛзі деп түсіндірді.
Гегельдің пікірінше, Гераклит философиясының анағұрлым құндылығы,
абсолюттің негізі қарама-қайшылықтың бірлігі дейді. Бірақ, бұл
философиялық негіздер «білім бастамасында» жетілді. Басқаша айтқанда,
философия антикалық формада ӛзінің философиялық пәндік алғашқы
қадамын жасайды.
Екінші мәні, философия түсінігі тарихи жалпы «теориялық» және
жекелеген «эмпирикалық» білімде сол ғылымның ӛз саласымен байланысты.
Теориялық жаратылыстанудың пайда болуы «философиялық» ойлау
кезеңінен ӛтті. Философия туралы түсінік, жалпылық туралы білім
(теориялық) екендігі тіпті Аристотельде де кездеседі. Ол болмыс жайлы
жалпы білім «философияның» ішінде, яғни «алғашқы философияда» кӛрінуге
тиіс, деп есептеген. Оның артынан іле пайда болған «метафизика»
(«физикадан кейінгі») философияның синонимі, яғни алғашқы бастау
туралы, жалпылық туралы ғылым болды.
Аристотель «философия» деген түсінікті екі мағынада: «білім
бастамасы» ол мифологияға қарсы, «жалпы», «жеке» философиядан шектеулі
түсіндірілді.
Біздің заманымызда «метафизика» термині үш мағынаны білдіреді:
онтология, философия және қарама-қарсы диалектикада жалпы әдіс түрінде.
Біріншіден, «білім бастамасынан» бӛлек, ӛз алдына философия ғылым
ретінде және жеке ғылымдардан бӛлек, екінші жағынан шамамен ХIХ
ғасырдың ортасында пайда болды. Философияның тарихи үшінші түсінігі
оның жеке ғылымдардан түпкілікті ажыратылуы. Жалпы туралы білім
ретінде философияның пәнін түсіну біздің заманымызға дейін жеткен. Бірақ,
бастапқыдай, қазірде де «жалпылау» деген түсінік философиялық жүйелерде
әр түрлі. Ӛзінің қалыптасуы барысында (танымдағы жалпы шынайы және
жалпы, логикадағы кӛрінісі) және дәстүрлі даму барысында философия
түсінігі аристотельдік түсінікке, яғни оның мағынасына жақындау. Егер
философияның тарихи екі түсінігін алар болсақ, «білім бастамасы» мен
«метафизиканы», онда қазіргі ӛмірге «білім бастамасына»қарағанда
«метафизика» (алғашқы философия) жақындау.
Достарыңызбен бөлісу: