Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз
байланысты. Діни дүниетанымның ӛзіндік ерекшелігі – табиғаттан тыс
күштерге, қасиетті басқа сену. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан
тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар ӛмірі жайлы
баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін ӛзіне соқыр сенімдердің,
ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы
– ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.
Адамзат тарихында дін, діни Шығыс пен Батыста түрлі жағдайда
болды. Әр діни дүниетанымның орталығында жоғары құндылықтың ізденісі,
ӛмірдегі адал жолды, тіпті, мақсаттар мен олардың транцеденттік саласы,
жер емес, «мәңгі» ӛмір делінді.
Діннің негізгі қызметі адамның ӛмір қиындықтарын, ӛткен қиын
кезеңдерін жеңе отырып, оны абсолютті мәңгі етіп кӛтеру. Философиялық
тілмен айтқанда, дін адам бойындағы транцедентті (сананың арыдан шектен
шыққанын табатын) «орнықтыру» үшін шақырылған. Дін жүрекке үміт
ұялатып, бар болмысымен адамдардың қарекетіне мағына береді, демек, адам
ӛміріне тұрақталады. Діни сенім соқыр сенімді, ол мәртебелі
пайғамбарлардың, шіркеу әкелерінің, қасиетті жазбалардың негізінде
құралған. Ол сенімнің білімнен асқақ екендігін жариялады.
Діни дүниетанымның ерекшеліктері:
-
діни мәртебелер мен табиғаттан тыс күштерге деген соқыр сенім;
-
ӛмірді жердегі ӛмір, табиғат, аспан ӛмірі, табиғаттан тыс
күштерге бӛлу;
-
сананың дамуына шек қою;
-
иман деңгейінің қалыптасуы.
Тұрмыстан айырмашылығы мифтік, діни, философиялық дүниетаным
адам мен дүниенің рационалды санасына, олардың арақатынасы мен ӛзара
әрекетіне бағытталған.