Б. А. Джаамбаева Философия Оқулық



Pdf көрінісі
бет240/313
Дата31.12.2021
өлшемі1,78 Mb.
#22005
түріОқулық
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   313
Байланысты:
treatise20490

К.Э.Циолковский  (1857-1935  ж.ж.)  –  ӛз  бетімен  болған  ғалым  және 
ойшыл, теориялық негіздерін жасаған «орыс ғарышнамасының әкесі». Орыс 
космизмінің философиялық проблемаларын ӛзінің жеке есебімен аз тиражбен 
шығатын  басылымдарда  шығарды.  Оның  «Әлемнің  монизмі»,  «Ғарыштың 
себебі», «Жердің болашағы және адамзат», «Әлемнің еркі», «Белгісіз ақыл – 
ой  күштері»,  «Ғарыштың  жан-жануарлары»,  «Ӛздігінен  жаралу»  сияқты 
еңбектері бар. 
Бұл  еңбектерінде  Циолковский  адам  мен  ғарыштың  ӛзара  қарым- 
қатынасының  мәселелерін  бірыңғай  жүйенің  элементтері  ретінде 
қарастырады.  Ол  Жерді  адамзаттың  бесігі  деп  атады.  Ол  ӛзінің  атақты  ой-
түйіндерінде:  «Адамзат  жер  бетінде  мәңгі  қалып  қоймайды,  бірақ  кеңістік 
пен  жарықты  қууы  атмосфераға  именіп  ақырын  еніп  кетеді  де,  содан  кейін 
Күн  маңайында  кеңістік  құрады»  –  деді.  Ғалымның  айтуынша,  тұтастай 
алғанда материя мен материалдық ӛмірдің атрибуттары болып табылады. 
 Ғарыш бірыңғай физикалық заңдылықтарға бағынады және құрылысы 
жағынан  сезімталдықтың  әртүрлі  дәрежесі  бар  атомдардан  тұрады: 
«математикалық  мағынада  барлық  ғалам  тірі».  Ол  дамиды.  Шексіздік  пен 
мәңгілік  уақытындағы  атомдар  ақыл-ойға  ғарыштық  ажалсыздық  кепілдігін 
береді.  Шындығында,  ғалам  –  бұл  жеке  қуанышы  мен  кемелденгендікті 


тудыратын,  бақытсыздық  пен  ақылсыздықты  білмейтін,  бірыңғай  ӛзін-ӛзі 
басқаратын  жүйе. Әлемді  материалдық  емес  жоғары  махаббат  пен  ақылдың 
шексіз махаббаты болып табылатын Алғашқы себептер жасады.  
Циолковскийдің  пікірінше,  адамзаттың  ұжымдық  ақыл-ойы  мен 
планеталық  деңгейде  танымдық  еркі  де  адамдарды  бақытты  қыла  алады. 
Бірақ  бұған  кӛбіне  құмарлыққа  душар  болатын  адам  табиғаты  кедергі 
болады.  Барлық  адамзаттың  азап  шегуінің  бастапқы  кӛзі  –  «Шаттықтан 
агонияға  дейін».  Мұндай  адамзаттық  барлығына  тән  кемшілікті  жеңуге 
болады.  Циолковский  адамзатты  жетілдірудің  бағдарламасын  ұсынады. 
«Қазір  және  болашақта  біздің  бақытымыздан,  яғни  барлық  тірі  жандардың 
бақытынан  маңызды  ештеңе  жоқ».  Оның  ойынша,  адамзаттың  шексіз  әрі 
бақытты  прогресі  Жаһанның  кең  далаларында  болашақта  орналасып  және 
ғарыштың кеңістіктеріне шыққан кезде ғана іске асырылады. 
Циолковский:  адамзат  ғарышта  тұруға  қабілетті,  бірақ  олар  басқа 
«энергетикалық»  мақұлықтар  болады.  Ол 
ӛз  ӛмірінде  осындай 
мақұлықтармен  үш  рет  кездескенін  айтады.  Олар  дамудың  ӛте  жоғары 
деңгейінде  және  олардың  тұрпайы  материалдық  денелері  болмайды.  Олар 
жетілген әрі энергетикалық тұрғыда «нәзік» болып келеді. 
Циолковскийдің кӛзқарасы бойынша, адамзаттың ӛркениетінің жоғары 
дамуы,  эволюциялық  үрдістер  сияқты, әлемнің  құрылымын  ӛзгерту  қабілеті 
болып  табылады.  Ғалымның  астронавтика  мен  зымырандық  динамика 
саласындағы  ғылыми  жаңалықтары  оның  ұсынған  философиялық 
тұжырымдарын экспериментті түрде растау үшін қабылдаған болатын.  
Циолковский  ӛмір  мен  ақыл-ой  Әлемнің  негізгі  атрибуттары  болып 
табылады деп есептеді. Ол Жерден тыс ӛмір, Жерден тыс ӛркениет бар деп 
күмәнданған  жоқ.  «Белгілі  әлемде  миллиондаған,  миллиардтаған  күнді 
есептеуге болады. Бізде де Жерге ұқсас сонша планета бар. Олардағы ӛмірді 
де жоққа шығарсақ адам нанғысыз болар еді». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   236   237   238   239   240   241   242   243   ...   313




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет