достық қалып, аяушылық, қайырымдылық, қолдаушылық және махаббат
рахымшылықтың бастыларының бірі болды. Жазушы Христос махаббатты
мәнгі идеал, ӛмірдің жоғары заңы ретінде алынатындардың деңгейінде
биікке жоғарылатып жеткізді.
Оның баяндауларында Христиан махаббаты мынадай ӛсиеттерде
берілген: «Ашуланба!», «Әйеліңді тастама!», «Ешкімге ешқашан ант берме!»,
«Жамандыққа күшпен қарсы тұрма!», «Басқа халықтарды дұшпан санама!».
«Тарих философиясы» баяндауында Толстой адамзаттың тарихи
қозғалысын қарастырды. Ол қозғалыс үзіліссіз, бұл қозғалыстың мәнін
аңғару – тарихтың мақсаты деп есептеді. Толстойдың пікірінше, тарихта
бостандық пен қажеттілік маңызды рӛл атқарады. Бұл философиялық
категориялар адамдардың әрекеттері, қоғам және объективті табиғат
заңдарымен ӛзара қарым-қатынасты білдіреді.
Бостандық – «шын қажеттілікті тануға» сүйене отырып, адамның ӛз
қажеттері мен мақсаттарына сәйкес әрекет етуі.
Қажеттілік – сол кездегі жағдайларда бола алмайтын, бірақ міндетті
түрде болатын нәрселер. Ол бұл құбылыстардың ішкі маңызды ӛзара
байланысынан, қарым-қатынасынан және ӛзара әрекетінен шығатын
құбылыстардың дамуы деп түсінді. Бостандық пен қажеттіліктің
арақатынасы ылғи ӛзгеріп отырады, яғни дін, дұрыс мағына, адамзат, құқық
ғылымы мен тарихтың ӛзі қажеттілік пен бостандықтың арасындағы қатынас
деп түсінеді.
Достарыңызбен бөлісу: