мағыналарының ұқсамайтындығына қарап білсек болады. Сол немесе басқа
зат тіршілік ету үшін болмысқа қатысы болу керек немесе басқаша айтқанда
құдіретті күшпен жаратылуы тиіс. Заттар болмыстың анықтамасында
кӛрсетіледі. Яғни жаратылған заттарға қатысты айтатыны, олар оңай емес,
тым күрделірек болады. Заттың мәні оның қызмет ету анықтамасында. Бұл
байланысқа Боэций «
универсалия» деген термин енгізеді, яғни жалпы
заттардың атауы. Заттың құрылу уақытын тәжірибеден алуға болады.
Бұл ойларды Боэцийге дамытқан Иоанн Скот Эриуген, ол христиандық
әлемді неоплатоникалық оқумен қосуға тырысты. Адам жаннан, тәннен
тұрады деп есептеді. Адамның жаны ӛзіне тәуелді емес, ол Құдаймен
сыйланған, қашанда жақсылық пен әділдікке ұмтылады. Жан жақсылық пен
жамандықтың арасын таңдайды. Табиғат бойынша, тән жанға, жан тәнге
тәуелді.
Боэцияның бұл ойларын
Иоанн Скотт Эриуген (810-877 жж.)
дамытып, христиандық ілімді неоплатондық іліммен байланыстырғысы
келген. Ол адамды жаннан, рухтан және денеден тұрады деп есептеді. Рух
адамдарға тек Құдайдың кӛмегімен келеді, рухы бар адам жақсылыққа құмар
болады. Жан жақсы мен жаманды таңдаушы. Табиғи заңдылық бойынша жан
рухқа бағынса, дене – жанға бағынуы керек. Эриугеннің пайымдауынша,
екіжақтылық күшті жан қызығушылықтан алады. Жамандық табиғаттан,
Құдайдан немесе денеден шықпайды, оны адам ӛз еркімен жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: