3.1. ҰЛТТЫҚ САРАПШЫЛАР МЕН
ЗЕРТТЕУШІЛЕРДІҢ РӨЛІ
Халықаралық консультанттар ұлттық сарапшылар
12
және зерттеушілерден
13
құралған топпен бірге
жұмыс жасады. Бұл жұмысты саяси емес тәуелсіз
аналитикалық орталық болып табылатын Алматыдағы
ҚСЗО үйлестірді.
Ұлттық зерттеушілер халықаралық консультанттарға
жартылай құрылымдық жекелей сұхбаттар жүргізу
және таңдалып алынған өңірлердегі сот үдерістеріне
бақылау жасау арқылы көмек берді
14
.
3.2. МӘЛІМЕТ ЖИНАУДЫҢ ӘДІСТЕРІ
Консультанттар
мәлімет
жинаудың
сандық
және сапалық әдістерін қолданды, оның ішінде
аналитикалық шолу, жартылай-құрылымдық жекеле-
ген және топтық сұхбат, КТМАС-та жинақталған сандық
мәліметтерге шолу жасау, КТМАС және қылмыстық
істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық
соттардың (Мамандандырылған қылмыстық сот-
тар) судьяларымен жүргізілген интернет-сауалнама,
сондай-ақ прокурорлармен болған интернет-сау-
12
Республика деңгейінде жұмыс жасайтын сарапшылар: Айна
Шорманбаева, юрист, ұлттық құқық саласында экспертиза
жүргізуге, статистикалық мәліметтерді толтыруға, толтырылған
статистикалық мәліметтерді талдауға жауапты және Алма-
ты қаласында сұхбат жүргізуге көмектесті, сондай-ақ Гүлжан
Алимбекова, әлеуметтік ғылымдар жөніндегі сарапшы, КТМАС
судьяларының онлайн зерттеуде берген жауаптарын талдауға
жауапты.
13
Республикалық зерттеушілер тобы сегіз адамнан құралды, оның
ішінде азаматтық қоғам және қорғаушылардың өкілдері бар
14
7 - 8 шілде 2014 жылы республикалық сарапшылар мен
зерттеушілер
халықаралық
консультанттар
тарапынан
жартылай-құрылымдық сұхбат жүргізу, сот тыңдалымдарына/
үдерістеріне бақылау жасау, осы зерттеуде мәлімет жинауда
қолданылған кестелерді сандық мәліметтермен толтыру бойын-
ша оқытылды (төмендегі 3.2- бөлімді қараңыз).
алнама мен КТМАС-тағы сот тыңдауларына және
үдерістеріне жасалған бақылауларды атап айтуға бо-
лады. Мәлімет жинаудың осы әдістерінің әрқайсысына
толығырақ төменде тоқталынатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |