10.2.15. ДИВЕРГЕНЦИЯ
•
Халықаралық стандарттармен қарастырылған
дивергенция шарасын қолдану үшін құқықтық
кепілдіктерді заңнамаға енгізу, соның ішінде, төменде
келтірілген талаптарды енгізуге кеңес беріледі:
бала ықтимал қылмысты жасағаны туралы бұлтартпас
дәлелдер бар;
•
бала еркін және ерікті түрде қылмыс жасағаны
үшін жауапкершілігін мойындаған;
•
кез-келген кейінгі процессуалдық әрекеттер
барысында осы мойындау оған қарсы
қолданылмаған;
•
бала еркін және ерікті түрде дивергенция
шарасын қолдануға жазбаша келісімін берген;
және
•
осы дивергенция шарасын қолдануға берілген
келісім аталмыш шараның сипаты, мазмұны
және қолдану ұзақтығы туралы және осы
шараны аяқтаудан бас тарту салдары туралы
сенімді және нақты ақпаратқа негізделген.
•
Заңнамада іс қылмыстық әділсот жүйесінен соттан
тыс инстанцияларға жолдану мүмкін болардан бұрын
кәмелетке толмаған тұлғаға немесе оның отбасына
жәбірленушіге келтірілген кез-келген залал орнын
толтыру талабынан бас тартқан жөн.
•
Қоғамға қарсы және қылмыстық әрекеттермен
күресу үшін жергілікті қоғамға сүйене отырып, бүкіл
республика бойынша дивергенция шараларының кең
ауқымын бірте-бірте тарату мүмкіндігін қарастырған
жөн.
•
Бүкіл Қазақстан бойынша «Феникс» және «Шанс»
орталықтарымен жүзеге асырылатын дивергенция
бағдарламаларын (толығырақ ЮӘ тұжырымдамасы
бойынша есептегі ұсыныстарды қараңыз) өткізу
мүмкіндігін қарастырған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |