Строительные нормы республики казахстан


 Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар



Pdf көрінісі
бет15/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61
Байланысты:
СН РК 3.04-02-2014 Проектирование бетонных и железобетонных конструкций гидротехнических сооружений

5.4 Бетон және темірбетон конструкцияларға арналған материалдар 

 

5.4.1 Бетон  

 

5.4.1.1 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларына 



арналған  бетон  нормативтік  құжаттардың  және  осы  бөлімнің  талаптарын 

қанағаттандыруы тиіс.  

5.4.1.2 Гидротехникалық құрылыстардың бетон және темірбетон конструкцияларды 

олардың  түрі  мен  жұмыс  шартына  байланысты  жобалаған  кезде  бетон  сапасының 




ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

көрсеткіштерін  белгілеу  қажет  (сығылуға  беріктігі  бойынша  бетон  класы  және  осьтік 



созылу, бетонның аязға төзімділік пен су өткізбеушілік бойынша маркасы).  

5.4.1.3  Аязға  төзімділік  бойынша  талаптар  тек  судың  айнымалы  деңгейі  аймағында 

орналасқан  бетонға  және  сыртқы  су  үстіндегі  бетонға  қойылады.  Аязға  төзімділік 

бойынша бетон маркасын пайдалану шартын ескеру арқылы климаттық жағдайларға және 

бір  жыл  ішіндегі  (ұзақ  мерзімді  бақылау  мәліметі  бойынша)  алма-кезек  мұздату  және 

ерітудің есептік циклдерінің санына байланысты белгілеу қажет. 

Бөгеттер бетонына қойылатын беріктік, су өткізбеушілік, аязға төзімділік және т. б. 

бойынша талаптарды әртүрлі аймақтардағы бетонның іс жүзіндегі жұмыс шартына сәйкес 

дифференциалды белгілеу қажет.  

5.4.1.4  Құрылыс  ауданы  үшін  барынша  суық  айдың  орташа  айлық  температурасы 

нормативтік  құжаттар  бойынша,  сондай-ақ  гидрометеорологиялық  қызмет  деректері 

бойынша анықталады.  

5.4.1.5  Гидротехникалық  құрылыстар  конструкциясының  бетонына  жобада 

белгіленген  және  тәжірибелік  зерттеулермен  айғақталған  шекті  созылымдылық, 

толтырғыштар бар  цемент сілтісінде зиянды  өзара  әрекеттестіктің  жоқтығы, су түбіндегі 

және  үйінділермен  өлшенген  су  ағынының  шайылу  қарсылығы,  кавитацияға  және 

химиялық  әрекеттесуге  қарсы  төзімділік,  бетон  қатқан  кезде  жылу  бөлушілік  бойынша 

қосымша талаптар ұсыну керек. 

5.4.1.6  Пайдалану  барысында  сыртқы  ауаның  кері  температуралық  әсеріне  немесе 

агрессивті  су  әсеріне  ұшырауы  мүмкін  құрама  конструкциялар  элементтерінің 

түйіспелерін  тұтас  құю  үшін  аязға  төзімділік  және  су  өткізбеушілік  бойынша  түйіспе 

элементтер  үшін  қабылданғаннан    төмен  емес  жобалық  маркалардың  бетонын  қолдану 

қажет.  

5.4.1.7 Егер техника-экономикалық есеп бойынша гидротехникалық құрылыстардың 

бетон және темірбетон конструкцияларының су өткізбеушілігін арттыру үшін қатайтатын 

цементтегі бетонды қолданған орынды болса, ал конструкцияның өз салмағынан түсетін 

жүктемені  азайту  үшін  –  жеңіл  бетон  қолданылса, онда  мұндай  бетонның  кластары  мен 

маркаларын нормативтік құжаттар бойынша қабылдау қажет. 

5.4.1.8  Қатайтуды  тездету  үшін  атмосфералық  қысым  кезінде  жылумен  өңдеуге 

немесе  автоклавта  өңдеуге  ұшырайтын  бетонның  серпімділік  модулін  нормативтік 

құжаттар бойынша қабылдау қажет. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет