ҚР ҚН 3.04–02–2014
8
5.5.2 Тҧрақты және уақытша жіктер
5.5.2.1 Тұтас құймалы бетон және темірбетон құрылыстарында сызаттардың пайда
болуының алдын-алу немесе олардың ашылуын азайту үшін тұрақты отыратын-
температураны және отыру жіктерін, сонымен қатар уақытша құрылыс жіктерін
қарастыру қажет.
5.5.2.2 Тұрақты жіктер құрылыс процесінде, сондай-ақ пайдалану барысында
құрылыс бөліктерінің өзара жылжу мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс.
Уақытша құрылыс жіктері қамтамасыз етуі тиіс:
- құрылыстарды тұрғызу процесінде отыратын-температура кернеуінің төмендеуі;
- құрылыс кезеңінде құрылыс бөліктерінің біркелкі отырмауынан туындаған
күштерді азайту;
- құрылысты тұрғызу бойынша жұмыстардың талап етілетін қарқындылығын
орындау;
- армоконструкциялар, қалыптар, құрама элементтер және т. б. сәйкестендіру.
5.5.2.3 Құрама-монолиттік конструкциялар үшін конструкцияларды тұтас құйған
кезде түйіспелер беті бойынша сенімді байланысты қамтамасыз ететін шараларды
қарастыру қажет.
5.5.2.4 Температуралық кернеуді, сондай-ақ тиісті негіздеме кезінде негіздің біркелкі
отырмау
әсерін
азайту
үшін
температураларды
теңестіру
және
отыруды
тұрақтандырғаннан кейін бетонмен толтырылатын (тұйықталатын блоктар) уақытша
кеңейтілген жіктерді салуға жол беріледі.
Достарыңызбен бөлісу: |