Строительные нормы республики казахстан



Pdf көрінісі
бет26/61
Дата31.12.2021
өлшемі1,16 Mb.
#22318
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61
Байланысты:
СН РК 3.04-02-2014 Проектирование бетонных и железобетонных конструкций гидротехнических сооружений

ҚР ҚН 3.04–02–2014 

 

13 


5.7.2.5  Сыртқы  күш  қима  симметриясы  осі  жазықтығында  әрекет  ететін  және 

арматура  элемент  қырының  аталған  жазықтығына  перпендикуляр  бағытталған  кезде 

элементтің бойлық осіне қалыпты қима есебін шекті жағдай арматура жұмысы шартының 

тиісті  коэффициенттерін  ескере  отырып,  R



s

  есептік  кедергіге  тең  созылған  арматура 

кернеуіне  бір  уақытта  жетумен  орын  алған  кезде  бетонның  сығылған  аймағының 

салыстырмалы биіктігі  ξ және бетонның сығылған аймағының салыстырмалы биіктігі  ξ



R

 

арасындағы  қатынасқа  байланысты  жүргізілуі  тиіс.  Бетонның  сығылған  аймағының 



салыстырмалы биіктігі  ξ сыртқы және  ішкі  күштер жүйесінің әсерімен  элементтің тиісті 

тепе-теңдігі шарттарынан анықталады. 

5.7.2.6  Иілетін  және  үлкен  эксцентриситеттері  бар  орталықтан  тыс  созылған 

темірбетон  элементтер  ξ  кем  немесе  тең  ξ



R

  шартын  қанағаттандыруы  тиіс.  Кезең  мен  

қалыпты күш әсері жазықтығына салыстырмалы симметриялы, кернелмейтін арматурамен 

арматураланған  элементтер  үшін  шекаралық  мәндерді  бетонның  тиісті  класы  кезінде  ξ



R

 

шекті  мәндері  бойынша,  ал  кернелген  арматурамен  арматураланған  элементтер  үшін  – 



бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  жобалауға  қойылатын  талаптар  бойынша 

қабылдау қажет.  

5.7.2.7  Элементтің  есептік  ұзындығының  оның  биіктігіне  белгілі  бір  қатынасы 

кезінде  темірбетон  элементтерді  көлденең  күш  әсеріне  есептеуді  басты  созылатын 

кернеулер бойынша қабырғалық конструкция түрінде жүргізу керек.  

5.7.2.8  Қамыттармен  арматураланған  тұрақты  биіктіктегі  иілетін  және  орталықтан 

тыс сығылған элементтерді есептеуді осы нормалардың есептік коэффициенттерін ескере 

отырып,  бетон  және  темірбетон  конструкцияларды  жобалау  жөніндегі  қолданыстағы 

нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес жүргізуге жол беріледі.  

5.7.2.9  Элемент  осіне  перпендикуляр  бағытта  әсер  ететін  қалыпты  кернеулерді 

есепке  алу  кезінде  басты  созылатын  кернеулерді  бетон  және  темірбетон 

конструкцияларды жобалауға қойылатын талаптарға сәйкес анықтау керек. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   61




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет