ҚР ҚН 3.04–02–2014
15
- егер құрылыс кезеңінде бетонның құрғауының алдын алу шаралары қарастырылған
болса, су астындағы, сумен жанасатын немесе топырақпен көмілген жұқа қабырғалы
конструкциялардың есептеулерінде ескермеуге жол беріледі.
5.9.5 Конструкциялардың температуралық және ылғал өрістері тұрақты емес
процестер үшін қабылданған негізгі ережелерді қолдану арқылы құрылыс физикасының
әдістері арқылы есептеледі.
5.9.6 Сыртқы ауа температурасы және ылғалдылығы туралы деректер және басқа
климатологиялық сипаттамалар құрылыс ауданындағы метеорологиялық бақылаулар
негізінде қабылдануы тиіс. Мұндай бақылаулар болмаған жағдайда қажетті мәліметтерді
нормативтік құжаттар және Мемлекеттік гидрометеорологиялық қызметтің ресми
құжаттары бойынша қабылдау керек.
Су қоймаларындағы су температурасы арнайы есептеу негізінде және ұқсастықтар
бойынша анықталуы тиіс.
5.9.7 І класты гидротехникалық құрылыстар конструкциялары үшін сейсмикалық
әсерге есептеумен қатар тәжірибелік, соның ішінде модельдік зерттеулерді жүргізу керек;
құрылыстардың динамикалық сипаттамаларын және оларды есептеудің қолданыстағы
әдістерін нақтылау үшін ішінара тұрғызылатын және қолданыстағы құрылыстарда
натурлық зерттеулерді жүргізу орынды.
5.9.8 Гидротехникалық құрылыстарды сейсмикалық аудандарда салу кезінде бетон
және темірбетон конструкцияларды есептеген кезде сейсмикалық әсерді ескеру керек.
Достарыңызбен бөлісу: |